Бүгін: 23.04.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында «Халық заңгері» акциясы өткізілді.

Оған Саран қаласы прокурорының орынбасары Марат Бекмаганбетов, полиция бөлімінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгер, нотариус және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Акцияға тек Ақтас кентінің тұрғындары ғана емес, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындары да келіп, тегін құқықтық кеңестер алды.

-  Мұндай акцияларды жиі-жиі өткізу керек. Себебі халық заң ретінде көп нәрсені түсінбейді, көбісі білмейді. Мысалы, әрбір заң шыққан кезде әр адам оны өз түсінігіне қарай талқылайды. Осындай заңгерлер болғанда, прокурорлар, олар толықтай заңды қалай түсіну керегін бәрін түсіндіріп береді. Сондықтан менің ойымша осындай акциялар өте қажет, өте маңызды. Айына бір рет өткізіп тұрса жақсы болушы еді,- деді Саран қаласының тұрғыны Асет Акимбек.

Халық арасында игі шараға айналып үлгерген акцияны мамыр айында  өткізу жоспарлануда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА