Бүгін: 23.04.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2 сәуір күні қалалық  мәслихаттың төрағасы Өміржан Баймағанбетовтің төрағалығымен Саран қалалық мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті.

 Оның жұмысына қала әкімінің орынбасары Д.Арнешев, қала прокурорының орынбасары М.Бекмаганбетов, Саран қаласының ПБ бастығы, полиция полковнигі А.Сейтжанов, Ақтас кентінің әкімі Б.Аканов, қоғамдық кеңес және ардагерлер ұйымының төрағалары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, депутаттар қатысты. Сессея отырысында қалалық білім бөлімінің басшысы Ғалия Тохметованың «“Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі” ММ басшысының 2025 жылғы жұмысы және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» дайындаған баяндамасы бірінші болып қаралды. Кейін «Сараньтеплосервис» ЖШС бас директоры Сабит Жансагимовқа сөз беріліп, оның «“Сараньтеплосервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2025 жылғы жұмысы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» жасаған баяндамасы тыңдалып, негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды.

Одан бөлек күн тәртібінде: «Бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы атқарылған есебі туралы», «Коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және экология, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы атқарылған есебі туралы», «2023-2025 жылдары депутаттық сауалдарды орындау туралы», «Саран қаласы әкімдігі жанынан құрылған үйлестіру кеңестерінің, қалалық комиссиялардың, қалалық кеңестердің дербес құрамдарын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы 30 сессиясының № 264 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» мәселелері қаралды. Әрі қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті XXXIV сессияға енгізілетін мәселелер қарастырылды.

Сессия барысында аталған баяндамалар негізінде тиісті шешімдер қабылданды. Дауысқа салынып,  бір ауыздан қабылданды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА