Бүгін: 23.04.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

7 сәуір күні Саран қаласының әкімдігінде көп балалы ана Райса Атырауова «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 1184 Жарлығына сәйкес жеті құрсақ көтерген аяулы ана Райса Атырауованы «Алтын алқа» алқасымен марапаттады.

Көп балалы ана  Саран қаласына осыдан екі жыл бұрын Түркістан облысы, Келес ауданынан көшіп келді. Үйдің тұңғышы – 17 жастан асқан студент болса, кенже баласы – бір жастан үш ай асты.

Ананың балаларына деген мейірімі шексіз. Әр балаға көңіл бөлуге тырысып, бір-біріне мейірімді, қамқор болуға тәрбиелейді.  Аз уақыт өтсе де отбасы мүшелері Саран қаласына бауыр басуға үлгерген. Ортаңғы балалары – Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте білім алуда. 

Көп балалы ананың айтуынша, балалары өте бауырмал. Ол жас аналарға  қандай жағдай болмасын сабырлы болуға, балаларға деген мейірімділікті ешқашан ұмытпауды кеңес етеді. Райса Атырауова атап өткендей: «Аналар - сабырлы болса, бәріне жетеді».

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА