Бүгін: 23.04.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жыл  сайын атап өтілетін Тергеушілер күні - осы жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген мамандарға құрмет көрсететін ерекше мереке.

Тергеушінің қызметі - тек қылмысты ашумен шектелмейді. Бұл - үлкен жауапкершілік, терең білім, сабырлық пен әділдікті талап ететін күрделі жұмыс. Әрбір іс - адамның тағдыры, әрбір шешім - заң аясындағы әділдік таразысы. Сондықтан тергеуші кәсібі  - үлкен кәсіби біліктілікпен қатар, адами қасиеттерді де талап етеді.

Қазіргі таңда тергеу саласында ер азаматтармен катар, әйел тергеушілер де табысты еңбек етіп келеді. Олар нәзіктік пен қайсарлықты үйлестіре отырып, күрделі істерді кәсіби деңгейде жүргізіп, құқық қорғау саласының дамуына зор үлес қосуда.

Әйел тергеушілердің табандылығы мен жауапкершілігі  - жастарға үлгі. Тергеушілердің күнделікті еңбегі оңай емес. Қылмысты ашу, дәлелдер жинау, сараптама жүргізу - барлығы үлкен шыдамдылық пен уақытты талап етеді. Көп жағдайларда тергеушілер жеке уақыттарын құрбан етіп, қоғам тыныштығы үшін қызмет етеді.

Тергеушілер күні қарсаңында барлық  сала ардагерлері мен қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!

Ж. Джумашева,

Саран қаласының ПБ