Бүгін: 17.05.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде «Достық аспанында» атты мерекелік концерт өтті.

Сол күні «Сұңқар» стадионының алаңы әдеттегі күннен ерекше түрлене түсті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концертті ұлттар арасындағы бірлік пен достықты бейнелеген 80 биші әсем биімен ашты.

«Шабыт»  домбырашылар ансамблінің, «Ивушка» орыс халық аспаптар оркестрінің, «Realize» көше және заманауи би клубының,  «Детство» үлгілі би ансамблінің, «Sled» студиясының, «Амадеус» би ансамблінің, «Виа креатив» тобының жетекшісі Аян Көкенұлының және басқа да өнерпаздардың ең жарқын нөмірлері ел назарына паш етілді. Мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламадан соң сахнаны балалар өнер мектебінің қызметкерлері мен шәкірттері қыздыра түсті. «Каприз» хореографиялық ұжымның, аспаптық ансамбльдердің, шығармашылық ұжымдардың өнері, жеке орындаудағы әсем әндер көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Сұңқар» стадионының алаңында ашық аспан астында ұйымдастырылған «Қазақстан – менің тағдырым» атты кітап көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырып, мерекенің мазмұнын одан әрі байытты. «MONARBAT»  арт-галереяның негізін қалаушысы, Саран қаласының белгілі суретшісі Қайрат Кэй-Кэй өзінің галериясын таныстыра отырып, дәл сол уақытта тұрғындардың портретін салудан шеберлігін көрсетті.  

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА