Бүгін: 28.05.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы, Ақорда кеңсесінде 2026 жылдың 16 мамыр күні №1279 Жарлығына сәйкес адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қаблетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсаты қойылған еді.

Бұл дарынды жоспарды орындау біріншіден, жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеу ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындар қолдау көрсетіп, ықтиярлы еңбектерін қалам ұшына ұстап, әдеби тілмен жеткізу, адалдық пен азаматтықты, парасат пен әділдікті ту еткен ақын, жазушылар, қаламгер қауымы қастерлеген құндылықтар мен адами қарам-қатынастағы ұстанымдарынан, әлеумет ортаның мінез-құлқынан заманауи оқырманға сыр шерту, кәсіби жазушы ұлттық әдеби мұраны ел ішіне, әсіресе білімге ынтасы бар, білгерліктің ізін басқан жастарға насихаттау қажеттілігі осы құқықтық заң жүйесінде қолданыс табуда.

Екіншіден, мемлекеттік билік жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлеп және оларды жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

Себебі, халықтың әртүрлі санаттары, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқудың дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралы шешімдер іске асыруды қамтиды.

Оның ішінде: жаңа форматты кітапхана, көпфункционалды қоғамдық кеңестіктер, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді біріктіріп, оқырман инфрақұрлымын жаңа технология үрдісінде жаңғырту көзделуде.

Сонымен қатар, ұлттық әдеби мұраны жан-жақты насихаттау, ғылыми, идеологиялық танымал туындыларды сапалы аудару, басып шығару, жүйелі кітахана құрлымында оқырманның ауқымды аудиториясына жеткізу қажетті талап.

Нәтижелейтін жүктің де салмағы айқын, ағымды жылдың қыркүйек айына дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру жобалық жолы басталғандай.

Жасанды интеллектіні дамыту жағдайы да алыстық көрсетпейді, 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың ұзақ 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы, заң шығаруға негізделген құжат ретінде бекітілуі жөн болғанын білдіреді.

Алдағы 2027 жылдың, жыл басына дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» елімізде жаңа Заңның жобасы әзірлену жолында.

Осы алдағы жылдың басына да белгіленген мерзімге дәлденген екі шара бой көтеруіне кепілі мол үрдіс, ол, кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктер үшін «Ұлттық сыйлық» тағайындау, сонымен қатар қолжетімді «Ұлттық цифрлық кітапхана» платформасын құру және жыл сайын «Зерделі ұлт» тұжырымдаманың іске асуы Президент Әкімшілігіне есепті болуы және ақпарат жүйесіне көзделгені айқын болып отыр.

Осы Жарлық, жарық көрген күнінен бастап, елдің бұл ақпаратқа адам тағдыры, мәдениеті, өркениеті көтерлетініне сенімдік білдіреді. Сәттілік болсын!

Серік Мұстафин, саясаттанушы, облыстық қазақ тілі және мәдениеті бірлестігінің мүшесі, Саран қаласы ақсақалдар кеңесінің мүшесі