Бүгін: 28.05.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

14 мамыр күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Саран қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекованың бастамасымен «Аналар мектебі» жобасы аясында «Жақсы қыз – ата-ананың мақтанышы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге қоғам қайраткері Майра Абдрахманова, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекова, мектеп директоры Гүлден Серикова және оқушылар қатысты.

Қоғам қайраткері Майра Абдрахманова қатысушыларға ең алдымен өзінің жүріп өткен өмірлік жолымен бөлісті. «Өз тағдырың – өз қолыңда» деген ұстанымды алға тарта отырып, қыз балаларға білімді, шебер, еңбекқор болу керектігі айтылды, әрі өнегелі әңгімелер мен тәрбиелік кеңестер берілді.

Іс-шара соңында оқушылар емін-еркін көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекова жастармен кездесуге арнайы келген қоғам қайраткері Майра Абдрахманованың иығына қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген камзол жауып, жылы лебізін білдірсе, қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Галия Туртбаева ризашылығын жеткізді. Абай атындағы ЖББМ директоры Гүлден Серикова да сөз алып, құрметін көрсетіп, Алғыс хат табыстады.

Өз кезегінде, Майра Абдрахманова кез келген жетістік ең алдымен табандылық пен өз-өзіңе деген сенімнен басталатынын атап өтіп, жастардың сауалдарына әрдайым ашық екенін жеткізді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА