Бүгін: 07.06.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2026 жылғы 25 мамырда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының базасында «Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметінде 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы қоғамдық талқылау өтті.

Жария талқылауға: «AMANAT» партиясының Саран қалалық филиалының төрағасы- Н.С. Тажибаева, Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Саран қаласындағы филиалының директоры – Д.Г. Кудебаев, Саран қалалық мәслихатының депутаты, «Саран тынысы» ЖШС бас редакторы -Б. Е. Майпасова, Саран қалалық мәслихатының депутаты, «Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары- Ж.К. Жаяубаев, «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы – Р.Д. Каримова, «Саран газеті» газетінің жергілікті БАҚ өкілдері, Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты. Іс –шара басрысында Басқарманың 2025 жылы атқарған қызметінің қорытындысы талқыланды. Осы шараға қатысуға келгендер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толық және нақты жауаптарын алды.

Басқарма басшысы А.Т. Мусабекова 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, оның ішінде, мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу, еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру және т. б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кітапшалар таратылды.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ