Бүгін: 07.06.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2026 жылғы 29 мамырда «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны архив басшысы А. Кулжанбеков ашып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Дөңгелек үстелге Саран қаласының прокуроры Д. Жұмақан, «AMANAT» партиясы Саран қалалық филиалының төрағасы Н. Тәжібаева және мәслихат депутаты Б. Майпасова қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және мемлекеттік мекемелердегі ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы мәселелер талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

А. Нурмаханова,

Архивші