Бүгін: 02.07.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел денсаулығын сақтаудағы еңбегіне жоғары баға берді. Президент дәрігерлер мен медицина саласының мамандары қоғамдағы ең қадірлі кәсіп иелерінің қатарында екенін атап өтті.

Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылуда. Заманауи ауруханалар салынып, медициналық жабдықтар жаңартылып, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға жағдай жасалуда. Бұл – халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Ақ халатты абзал жандардың әрбір күні – үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген алаңдаушылыққа толы. Олардың мейірімі мен кәсібилігі көптеген адамның өмірін сақтап қалуға себеп болып отыр.

Медицина қызметкерлері – адам өмірін арашалап қалатын ең жауапты әрі ең қадірлі маман иелері. Күн-түн демей, науқастардың денсаулығы үшін күресіп жүрген ақ халатты жандардың еңбегі әрдайым ерекше бағалауға лайық.

ТОҒЖАН ТҰРБЕК

ҚАРҰЗУ-ДЫҢ II КУРС СТУДЕНТІ