Қоғамдағы заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және заң талаптарының сақталуын бақылау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Әсіресе халықтың өтініштері мен шағымдарын уақытылы қарау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Тексеру жұмыстары барысында кейбір мекемелерде заң талаптарының сақталмауы мен қызмет көрсету сапасының төмендігі анықталып жатады. Мұндай жағдайларда жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылып, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқамалар беріледі.
Сонымен қатар мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау да маңызды бағыттардың бірі саналады. Қадағалау нәтижесінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілерінің алдын алу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заң талаптарына сай өткізілуін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде.
Мамандардың айтуынша, заң талаптарын қатаң сақтау азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Сондықтан мемлекеттік мекемелердің қызметінде ашықтық пен есептілік қағидаттарын дамыту бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Құқықтық мемлекет құру жолында әр азаматтың заңды құрметтеуі және өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды. Тек сонда ғана қоғамда әділдік пен тәртіп орнап, елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге болады.
ТОҒЖАН ТҰРБЕК
ҚАРҰЗУ-ДЫҢ II КУРС СТУДЕНТІ






