Отбасы — адамның адамгершілік негіздерін, ұлттық құндылықтарын және құқықтық санасын қалыптастыратын ең алғашқы әлеуметтік институт.
Дәстүрді қалыптастырудағы рөлі отбасылық тәрбие арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық және мәдени құндылықтар беріледі. Бала ана тілін, салт-дәстүрді және тарихты ең алдымен отбасында үйренеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету сияқты моральдық нормалар ата-ананың үлгісімен бекітіледі. Отбасылық мерекелер мен жоралғылар туыстық байланысты нығайтады.Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі де ерекше.Отбасында құқықтық мәдениет — бұл заңдарды білу ғана емес, оларды құрметтеу және күнделікті өмірде қолдану дағдысы тәртіпке үйрету, отбасындағы ішкі ережелер баланың болашақта қоғамдық заңдарды сақтауына негіз болады.Бала өз құқықтарын қорғауды және басқалардың құқықтарын бұзбауды үйде үйренеді., жауапкершілікті сезінеді өз іс-әрекетіне жауап беру дағдысы отбасындағы кішігірім тапсырмалардан басталады.
Әрбір ұлттың өз мұрасы болатыны белгілі. Сол мұра ұрпақтан ұрпаққа ілесіп жетуінің сыры неде деген сұрақ туындайды. Оның сыры – отбасындағы құнылықтардың тәрбие негізіне айналуында. Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс.
Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа әділетті Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, отбасындағы тәрбиеден бастау алады. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Отбасының дәстүр мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы ролі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!
С. Супьянова,
«Ақ шаңырақ»ЭМБ-нің
жетекшісі,ақпараттық-түсіндіру
тобының мүшесі







