Бүгін: 21.08.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

23 тамызда өтетін сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл күн әрбір азаматқа өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Мен жастармен тұрақты жұмыс істейтін ұйымның жетекшісі ретінде жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен азаматтық жауапкершілігінің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді.

Бүгінде жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңін қалыптастыратын негізгі буын. Сондықтан олардың мемлекеттегі өзгерістер мен реформаларға бейжай қарамай, қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуы маңызды. Сайлауға қатысу – азаматтың өз құқықтарын жүзеге асыруының ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетудің де бір жолы.

Жастар ресурстық орталығының жұмысы барысында біз жас азаматтардың бастамаларын қолдауға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және азаматтық мәдениетін қалыптастыруға басымдық береміз. Осы бағытта жастарға сайлау процесі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор деп есептеймін.

23 тамызда әрбір азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, сайлау учаскесіне барып, азаматтық белсенділігін танытады деп сенемін. Себебі елдің болашағы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жастардың дауысы мен белсенді азаматтық ұстанымы қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосады.

Сайлау – әр азаматтың өз пікірін білдіруге берілген мүмкіндік. Сондықтан барша жасты және тұрғындарды сайлау күні белсенділік танытып, өз азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырамын. Ең бастысы – таңдауымыз саналы, ұстанымымыз жауапты, ал мақсатымыз – тұрақты әрі жарқын болашақ болсын!

Қанапиянова Айым Олжасқызы, руководитель КГУ "Молодежный ресурсный центр города Сарани", член Общественного совета города Сарани