Бүгін: 05.10.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Монс университетінде жастар арасында кітап оқуды дәріптеуге, білімге, мәдениетке және ұлттық мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған қазақстандық «Кітап оқитын ұлт» жобасының таныстырылымы өтті.

Кездесуге университет оқытушылары мен бакалавриат, магистратура және докторантураның 40-тан астам студенті қатысты. Оларға республикалық кітап оқу марафонының мақсаттары және бастамаға конкурстан тыс қосылуға мүмкіндік беретін Parasat бағыты таныстырылды.

Қатысушылар қазақ тілі мен ұлттық дәстүрлерге қызығушылық танытты. Қазақстанда тағылымдамадан өткен бельгиялық студенттер Анжелика мен Ксавье домбырада екі қазақ күйін орындады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің толық материалы