Қазақ тілі – көркем сөздің мәнін келтіретін, шешеннің шешендігін көрсететін бай тіл, дара тіл, туған тіл. Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, біздің ана тіліміз – ана сүтімен қанымызға сіңген тіл. Қазақ болып дүниеге келген соң өз тілімізде сөйлеуге, құрметтеуге, мәртебесін арттыруға міндеттіміз, ол біздің парызымыз. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тіл – ұлттың жаны. Тілі жойылған ұлт жойылады. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Сондықтан оның қолданыс аясын кеңейтуге, тұғырын нығайтуға бір кісідей жұмылып, атсалысуымыз керек. Оны әрқайсымыз өз отбасымыздан бастауымыз керек. Тіл меңгеруде ата – ананың рөлі ерекше. Ендеше, тілді құрметтеуді өз отбасымыздан бастайық.
Туғаннан ойымызға нұр сепкен өзге тілге ұқсамайтын дара да ана тіліміз қазақ халқы үшін өте қымбат. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тіліміздің мәртебесі биік, болашағы зор болсын десек, өз ана тілімізге құрметпен қарап, жетік білуге, жиі қолдануға тырысайық. Әр ұлт өз тілдерін жетік біледі және құрметтейді, бағалайды.
Елім, жерім, ұрпағым деп қасық қаны қалғанша жері мен тілін, дінін, ділін қорғап келген ата – баба аманатын қорғау, оны әрі қарай дамыту, жетілдіру, кеңейту келешек ұрпақ сіздердің қолдарыңызда!
Ж.Джумашева,
Саран қаласының полиция бөлімі





