Бүгін: 05.10.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын көңілден құттықтаймыз!

Саран - өз ұстаздарымен мақтанады. Сіздер күн сайын балаларға білім беріп, оларды тәрбиелеп, қолдау көрсетіп, өз қабілеттерін ашуға көмектесіп келесіздер. Оқушыларыңыздың жоғары нәтижелері және Саран мұғалімдерінің облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби жетістіктері білім берудің жоғары сапасы мен өз жұмысына берілгендігінің дәлелі болып табылады.

Білім саласына көп жылдық өмірін арнап, қаламыздағы білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан педагогика саласының ардагерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен қалыптастырған дәстүрлеріңіз педагогтердің жаңа буыны үшін маңызды негіз болып табылады.

Барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кәсіби жетістіктер, шәкірттеріңіздің алғысы мен жаңа белестер тілейміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!