Бүгін: 20.10.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Халықаралық қарттар күніне орай Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының алаңында аға буын өкілдеріне арналған скандинавиялық жүріспен таңғы сергіту жаттығуы өтті.

Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының директоры Майра Қульджабаева қатысуға ниет білдірген аға буын өкілдерін мәдениет үйінің алаңында зор ықыласпен қарсы алып, ізгі лебізін жеткізді. «Дені саудың – жаны сау» демекші, бірінші рет ұйымдастырған таңғы жаттығуда дендеріне саулық, мол бақыт тілей отыра, жалпы жаттығу ережесімен таныстырып өтті.

Скандинавиялық жаяу жүріс - адамның денсаулығын жақсартуға, бойды түзу ұстауға септігін тигізеді. Арнайы таяқшалардың арқасында жүріп өтетін қашықтық жеңіл еңсеріледі. Ақтас кентінің аға буын өкілдері үшін бұл сергіту сәті жеңіл әрі көңілді өтті. Мәдениет үйінен бастап, №13 жалпы білім беретін мектепке дейін барып, қайта мәреге оралғанда оларды шағын тосын-сый күтіп тұрды. Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының атынан әр қатысушыға естелік сыйлықтар табысталды. Олар да өз кезегінде әсерлерімен бөлісіп, ризашылығын білдірді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА