
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде «Конституция – елімнің айбыны» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Онда орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Алида Мусина қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы мен ел өміріндегі рөлі туралы ақпарат бере отырып, тақырып аясында сұрақтарды қою арқылы қатысушылардың ой-пікірін тыңдады.
Шара барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға ерекше мән берілді.





