Бүгін: 20.10.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағандыда өткен «Өнерім — өмірім» атты облыстық шығармашылық байқауда Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының өнерпаздары жүлделі орынмен оралды.

Аға буын өкілдері арасында ұйымдастырылатын облыстық байқау жыл сайын өткізіледі. Осы жолы өз бақтарын Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығынан «Ақ әже, аталар» вокал тобының фольклорлық ансамблінің, «Якташлар» этномәдени бірлестігінің және «Актасские зори» ардагерлер хорының ұжымы сынап көрді. Хор мен ансамбльдер қатысқан байқауда бекітілген ережеге сәйкес қатысушылардың жасы 50 жастан жоғары болуы керек болған. Әр ұжым тек бір ғана ән орындай алған.

- Байқау жайлы естіген сәттен бастап, ұжым мүшелері бір адамдай аянбай дайындық жұмыстарын жасады. Біздің ұжым 2019 жылдан бері қатысып келеді. 2022 жылы бас жүлде жеңіп алғанбыз. Осы жолы Ақтас кенті «Ақ әже, аталар» вокал тобының фольклорлық ансамблі халық әні «Әттең-ай» әнімен қатысып, 22 қатысушының ішінен 3-орынға ие болып, диплом мен «Өнерім-өмірім» кубогымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Өнерлі қарияларымызға шығармашылық табыс, зор денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз!,- деді «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жаңғырту бірлестігінің жетекшісі Света Супьянова.

Байқауға қатысқан «Якташлар» этномәдени бірлестігінің ұжымы «Ай былбылым» атты татар халық әнін орындаса, «Актасские зори» ардагерлер хоры «Шел казак на побывку домой» әнін шырқады. Олар жүлделі орындарға ілікпесе де, байқауға белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұжымдардың жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА