Бүгін: 20.10.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.

Тіл болмаса сөз болмайды, ал, сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән – маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Сол себепті, ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Демек, сол орайда, ана тілімізді, қадір – қасиетін сақтай отырып, келер жастардың қанына сіңдіріп, санасына құюдың маңызы зор.

Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам – қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтар аталарымыз, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.

Ата – бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, еңсені тік көтеру. Ана тілі жоқ жерде – ұлт та, ұлттық мінез де, ұлттық намыс та жоқ. Ұлт болып ұйысып, қазақ болып қалуда, теріміз тек тіліміз үшін ғана төгілсін, өміріміз тек еліміз үшін ғана өрілсін!

Ж. Джумашева,

Саран қаласының

Полиция бөлімі