Бүгін: 13.11.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

5 қараша күні Саран қаласының әкімдігінде көпбалалы аналар Сания Тирнек пен Самал Байболоваға «Алтын алқа» алқасы табыс етілді.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Ақылбай Нагидулла жеті баланы дүниеге әкелген қос анаға зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.

Самал Байболова жолдасымен бірге үш ұл және төрт қызды тәрбиелеуде. Екеуі де балаларының тәлім-тәрбиесіне, оқуына баса назар аударып, отбасылық құндылықтарды берік ұстанады. Туған күндерді бірге атап өту – әдемі дәстүрге айналуға үлгерген. Өзі айтпақшы: «Әр баланың орны бөлек». Барлығына бірдей көңіл бөлуге тырысып, бір-біріне бауырмал, еңбекқор болуға үйретуде.

Ал көпбалалы ана Сания Тирнек те – жеті баланың анасы. Жолдасымен бірге 5 ұл мен 2 қызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруде. Үйдің тұңғышы – 11 жаста болса, кенжесі – 1 жастан асты. Балаларын өнерге де, спортқа да баулып, бойларына ізгі қасиеттерді барынша сіңіруде. Олар үшін берік отбасы – бұл бір-бірін тыңдай білетін, бір-біріне сыйластықпен қарайтын, көмек қолын созатын жанұя.

Балаларының қызығын көру – ата-ана үшін ең үлкен бақыт. Қос ана да «Күміс алқа» алқасымен марапатталған, енді «Алтын алқа» иегері атанып отыр.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА