Бүгін: 13.11.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекет басшысының Жолдауында, ел дамуының басым бағыттары, білім беру сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру, цифрландыру, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту және қоғамның әл-ауқатын жақсарту мәселелері ерекше маңызға ие.

Қазақстанның болашағы білімді, еңбекқор, отаншыл және жаңашыл жастардың қолында. Сондықтан білім беру сапасын арттыру, ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және жастарға қолдау көрсету — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар экономиканы нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғау да елдің өркендеуіне ықпал етеді. Еліміздің болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігімен тығыз байланысты. Әр адам өз еңбегімен, адалдығымен және белсенділігімен Қазақстанның дамуына үлес қоса алады.

Бірлік пен татулықты сақтау, заңды құрметтеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу — жарқын болашақтың негізі. Президент Қазақстанға білікті ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер әрдайым қажет болатынын айтып, ел болашағын білімді, әрі отаншыл азаматтармен байланыстырды. Әрбір адам адал еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуы тиіс. Бірлік пен жауапкершіліктің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын болады.

Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан сапалы білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп, туған жеріміздің дамуына үлес қосуымыз қажет.

Қорытындылай келе, Президент Жолдауы – Қазақстанның жарқын болашағына бағыт беретін маңызды бағдар. Бірлігіміз бен еңбегіміздің арқасында еліміз одан әрі дамып, гүлдене береді!

А. Мамирова,

№1 отбасылық оқу

кітапханасы

жетекшісінің м.а.