Бүгін: 13.11.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қауіпсіз қоғам – әрбір адамның бейбіт өмір сүріп, ертеңгі күнге сеніммен қарайтын ортасы.

Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы тек заң мен тәртіпке ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың саналы таңдауына, жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Сондықтан қауіпсіз қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Саналы таңдау дегеніміз – әрбір әрекеттің салдарын алдын ала ойлап, дұрыс шешім қабылдай білу. Адам күнделікті өмірде түрлі таңдау жасайды. Мысалы, заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу – мұның барлығы саналы азаматтың іс-әрекеті. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда тәртіп пен өзара сыйластық қалыптасады

Н. Мұсабеков,

дінтанушы