Тіл - ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы, елдің басты құндылығы.
Мемлекеттік тілді құрметтеу және оның қолданыс аясын кеңейту - әрбір азаматтың міндеті. Әсіресе, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін Ішкі істер органдары қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді жетік меңгеру мен сауатты қолданудың мәні зор.
Саран қаласының полиция бөлімінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің қазақ тілінде еркін сөйлеу және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу дағдыларын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бөлім басшыларының қолдауымен жеке құрамға арналған тіл үйрену сабақтары ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді күнделікті қызмет барысында қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік тіл - тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің белгісі!
Ж. Джумашева,
Саран қаласының
Полиция бөлімі





