Бүгін: 13.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», — деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш — қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.

Кез келген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен арманы болады. Себебі арман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабабаларымыздың аңсап, тәуелсіздік жолында күрескен арманы орындалды-ау.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен.

Қаншалықты биікті бағындырғаныңды білу үшін, артыңа көз салсаң жеткілікті.29 жыл ішінде Қазақстанның алған асуы мен жеткен белесі аз емес. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазылмаған материар қаптап тұр. Ашып оқимын деген адамға. Ал менің айтпағым ол туралы емес. Мен тәуелсіздіктің маған, саған, бізге, сізге не бергені жайында тілге тиек еткім келіп отыр. Әрине, бұл менің жеке «өз ойым». Ендеше сол Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның бізге не бергенін саралап көрелік.

Тәуелсіздік – біздің еркін, жасқанбай жақсы өмір сүруімізге берілген құқығымыз. Қазір біздің буын үшін барлығы бар. Біз қауіпсіз, үрейсіз өмір сүреміз. Жердің, ұлттың, мемлекеттің мәселесін батыр бабалар мен алдыңғы буын ағалар шешіп қойған. Ал, біздің бас қатырып жүрген дүниеміз күн көріс айналасындағы тым ұсақ дүниелер ғана. Ерінбей еңбектенгендер оның да ебін тауып жүр.

Алайда, осындай байлық пен тыныштық, ел мен жер бізге жәйдан жәй беріле салды ма? Жоқ, әрине. Бұл - аманат. Ал, аманатқа қиянат жасуға ешбіріміздің құқымыз жоқ. «Қарны тойса қалғып кететін ұрпақ» болуға тіпті қақымыз жоқ. Сондықтан бұл тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгілік болу үшін оның жауапкершілігін де сезінуіміз керек.

1991 жылы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары әлемнің көбі білмейтін, білетіндері Ресей империясының бір бөлігі деп қана танитын, халқы аз, жері үлкен мемлекетті бүгінде білмейтін ел кемде кем.

Осы тәуелсіздік қазаққа не берді?

Ең алдымен өз билігін өз қолына алды. Ешкімге жалтақтамай өзі қалаған тұлғаны өзі сайлай алатындай еркіндікке, құқыққа қолы жетті. Өз туы, елтаңбасы, шырқап салар әнұраны бар. Мемлекеттік тіл тұғырға көтеріліп, көмілуге жақын қалған дәстүрлі дін қайта тірілді. Тапталған рух оянды. Жойылуға шақ қалған ұлттық өнерге жан бітті.

Жер жаусыз, ел даусыз болған емес. Жерімізге көз алартқандар да, елімізді масқара еткісі келгендер де табылды. Бірақ, Қазақстан деген қандай ел, қандай мемлекет екенін ел болып дәлелдедік. Қазір күллі әлем қазақтың қаршадай баласы Димашпен бірге қазақ әнін шырқап жүр. Осының бәрі Тәуелсіздіктің жемісі. Ең ақыры ойымызды еркін айта алғанымыздың өзі азаттықтың арқасы. Алла осы бергенінен айырмасын!

Албіз  тәуелсіздікке не бердік?»…

Біз тәуелсіздікке бергеннен қарағанда, тәуелсіздік бізге көп нәрсе берді. Ең бастысы ата — анамыз бізді бейбітшілік заманда дүниеге әкелді. Біз тәуелсіздіктің жарқыраған таңында жарық дүниенің еісігін ашқанымыз үшін бақытты ұрпақ екенімізді түсінеміз. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда біз не ішеміз, не киеміз, қайда барамыз деп бас қатырмаймыз. Өйткені демократиялық қоғамда барлық жағдай жасалып отыр. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында «қазақ» деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды. Осы заманнан бастап халқымыз талай жаугершілік соғыс күндерін бастан кешкен. Қалың елім қазағымның жанарында жанып тұрған оты бар жалынды, жігерлі жастары! Отан сүю — әрбір ет — жүрегі, қан — тамыры қазақ деп соғатын қазақжанды, елжанды, ұлтжанды ұландардың баға жетпес борышы. Сондықтан, парыздарымызды асқақ абыроймен, аса адал орындау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда. Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер. Жарқын болашаққа  қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Индира Ултанова