Бүгін: 22.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бүгінгі күні мониторингтік топтар қоғамдық тамақтану орындарында, сауда объектілерінде, сондай-ақ қаланың қоғамдық көліктерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуде. 

Қазіргі уақытта облыста 193 мобильді топ жұмыс істейді. 

2020 жылғы 1 желтоқсан мен 2021 жылғы 14 қаңтар аралығындағы кезеңде мониторингтік топтар 16535 нысанды қамтыды, 205 бұзушылық анықтап, 86 айыппұл салынды.

Халыққа қызмет көрсету орындарында карантиндік талаптардың ең көп бұзылуы санитариялық талаптарды сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу (банкеттер, корпоративтер, үйлену тойлары, еске алу және т.б.), маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты бұзу жағынан анықталды, сондай-ақ облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытының шектеулерін сақтамау фактілері анықталды.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында рейдтік іс-шаралар барысында "Думан" мейрамханасында үйлену тойы жоспарланған болатын. Мониторингтік топ бұл фактіні растады және мекеме иелерімен түсіндіру жұмысын жүргізді. Жаппай іс-шараны болдырмады.

Бұдан басқа, сауда объектілерінде және қоғамдық көлікте карантиндік шаралардың бұзылуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Осылайша "Абзал" СҮ, "МБО" СҮ, "Дәулет" СҮ, "Азия" СҮ, "Сити Молл" СҮ, "Аян" супермаркеті, "Таир" СҮ және т.б. №43, 40, 53. 45, 121, 73, 145, 146, 118 және т. б. бағдарларда мониторингтік жұмыстар жүргізілді.