Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19 қаңтардағы №2-Қ «Қарағанды облысында шектеу іс-шараларын күшейту туралы» қаулысымен өңір тұрғындарына қызмет түрі рұқсат берілмеген объектілерге баруға, сондай-ақ жұмыс режиміне сәйкес олар жабылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған объектілерде болуға тыйым салынады.
Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. 18 қаңтардан бастап ол «сары» аймаққа кірді. Осыған байланысты өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Осылайша, облыс тұрғындарына қызметі жаңартылмаған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік және түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары) баруға тыйым салынады. Сондай-ақ, жұмыс режиміне байланысты олар жабылғаннан кейін қызметіне рұқсат етілген объектілерде болуға болмайды.
Қаулыда жазылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз. 22.00-ден кейін қоғамдық тамақтану объектілерінде, сондай-ақ қызметіне тыйым салынған объектілерде болған келушілерге айыппұл салынады.
Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық тамақтандыру жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауға шақырамыз. Маска режимін, 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек, COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, адамдар көп жиналатын орындарға және қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болу керек.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарынан сіздің балаларыңыздың қызметіне тыйым салынған компьютерлік және ойын клубтарына бармайтынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сақ болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!