Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 САРАН – ҚАРАҒАНДЫНЫҢ СЕРІКТЕС ҚАЛАСЫ. ШАҒЫН ШАҺАР БОЛҒАНЫМЕН, ӨЗІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ, ӨЗІНДІК КЕЛБЕТІ БАР. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫНА ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ШАҺАРДЫҢ ДАМЫП-КӨРКЕЮІНДЕ ІЛГЕРІЛЕУ БАЙҚАЛАДЫ. ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛДА КЕНДІ ӨЛКЕНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕП, ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРҒА АЙНАЛДЫ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТ

Әлемді әбігерге салған пандемияның салдары 2020 жылы қаланың экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпей қоймады. Десекте, шаһар тұрғындарының қысылтаяң сәтте «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», белсене алсалысуының және экономика секторларының үйлесімді жұмыс жасауының арқасында Саран қаласы мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындай отырып, Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 44,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 100,3%-ды құрайды.

Құрылыс жұмыстары 6,8 млрд. теңгеден астам сомаға орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,2 есе артық.

9012 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 5226 ш.м. жалға берілетін тұрғын үй және 3774 ш.м. жеке тұрғын үй құрылысы.

Ауыл шаруашылығындағы нақты көлем индексі 102,3% болса, жалпы өнім көлемі 2,6 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 101,9%, мал шаруашылығында – 103,4%.

Бөлшек тауар айналымы 6,0 млрд. теңгені құрады, НКИ-83,5%. ШОБ саласында 8 жаңа нысан ашылды, 22,8 млн.теңгеден астам инвестиция салынды, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Орташа жалақы 3,3%-ға - 225,7 мың теңгеге өсті (номиналды жалақы индексі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 9,9%-ға өсті).

1146 жұмыс орны ашылды, оның 720-сы тұрақты жұмыс орны.

Жергілікті бюджетке 2734,7 млн. теңге сомасында салық түсімдері мен салықтан тыс төлемдер түсті.

 

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Қала экономикасының негізі болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорындар карантин жағдайында өз жұмыстарын қайта форматтап, екінші жартыжылдықта өндіріс қарқынын қалпына келтіре бастады, қызметкерлер алдында жалақы бойынша берешекке жол бермеді және барлық әлеуметтік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етті.

Нәтижесінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша 28,6 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 91,4%-ға дейін артты. Қала экономикасын дамытуға 13,0 млрд. теңге немесе өткен жылға қарағанда 114,6% тартылды.

Маусым айының ортасында Т. Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава жұмыс істей бастады. Қуаттылығы жылына 180 мың тонна болатын «Сарыарқа Көмір» ТБК көмір өндірісі қайта жанданды.

Шілде айында қуаттылығы сағатына 160 тонна асфальт-бетон қоспасын шығаратын «Байбарс» ЖШС асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады. Құрылыс индустриясы мен фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жүктеу қамтамасыз етілді.

Ел басшылығының қолдауымен көп жылдық іркілістен кейін РТБ өндірістік алаңын қалпына келтіру басталды, онда жетекші шетелдік компаниялардың қатысуымен екі ірі инвестициялық жоба іске асырылуда: 400 жұмыс орнын аша отырып, «Youtong» автобустары мен арнайы техникаларын шығаратын, 1100 жұмыс орнын аша отырып, жеңіл және жүк тасылмалдайтын көліктердің шиналарын шығаратын зауыттар ашылды.

Зәкірлік жобалар өнеркәсіптік өндіріс көлемін тұрақты өсіру үшін сенімді негіз қалады, экономикада мүлдем жаңа бағыт игерілуде.

Бұл біздің қаламыздың дамуына жаңа серпін береді. Жобалар жоспарланған қуатқа шыққаннан кейін жыл сайын өнеркәсіп өнімдерін шығару 160 млрд.теңгеге, яғни 6 еседен астамға ұлғаяды.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Саран қаласының экономикасында шағын және орта бизнес ерекше орын алады. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 2442 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 451 заңды тұлға, 1967 жеке кәсіпкер және 24 шаруа және фермер қожалығы. Тіркелген 2206 ШОБ субъектісінің жалпы санынан жұмыс істеп тұрғандары өткен жылмен салыстырғанда 2,2% - ға артты. ШОБ субъектілерінің тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шығару көлемі 17 миллиард теңгеден асты, 5824 адам жұмыспен қамтылды.

Қала кәсіпкерлері кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданады. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 жоба жалпы сомасы 358,6 млн.теңгеге субсидия және кепілдік беру түрінде қолдау алды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 20,2 млн.теңге сомасына 4 жоба мақұлданды, бұл шағын бизнеске өз өндірісін кеңейтуге және материалдық техникалық базаны жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында шағын несиелендіру және гранттық қаржыландыру үшін «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 45 адам оқудан өтті, «Бизнес мектеп» жобасы бойынша 24 адам оқытылды. Кеңес беру, оқыту, сервистік қызмет түрінде қаржылық емес қолдау қаланың 367 кәсіпкеріне көрсетілді.

Бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес өз қызметін жалғастыруда.

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу саясатын жаңғырту, адами капиталдың сапасын арттыру, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыспен қамту мәселелерін шешудің негізгі басымдықтары ретінде айқындалған.

Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында өткен жылы 1848 адам, оның ішінде 1084 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың жалпы санынан 40% (739 адам) 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 33 адам оқыту курсына жіберілді, бағдарламаның 14 қатысушысы өз ісін ашуға 7311 мың теңге сомада гранттар алды. Жыл ішінде қоғамдық жұмыстарға 395 жұмыссыз адам қатысты. Оқу орындарының 51 түлегі алғашқы жұмыс тәжірибесін алу және жұмысқа орналасу үшін жастар практикасына жіберілді, 22 адам әрі қарай жұмысқа орналасу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында Жұмыспен қамтудың жол картасы жұмыс істейді, оның аясында 41 нысанда 516 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 296 жұмыс орны ашылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ - БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ

Азаматтардың денсаулығын нығайту, елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Халықтың аурушаңдығы мен әлеуметтік мәні бар аурулардан өлім - жітімді төмендету мақсатында тегін негізде халықтың нысаналы топтарына скринингтік медициналық тексерулер жүргізіледі. Анықталған патологиясы бар пациенттер одан әрі емделуге жіберіледі.

Тұрғындар арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейту шеңберінде жіті респираторлық ауру белгілері бар және COVID-19-ға күдікті немесе ауырып жатқан адамдарға шақыруларға қызмет көрсету үшін төрт мобильді топтың (Саран қ. 3, Ақтас к. 1) жұмысы, ЖРВИ, пневмония белгілері бар пациенттерге арналған сүзгі бөлімшесі, учаскелік дәрігерлер мен белгілі бір мамандардың қашықтан кеңес беруі ұйымдастырылды.

Орталық аурухананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды, 60-тан астам медициналық жабдық алынды: ӨЖЖ аппараттары, цифрлық рентген аппараты, мобильді бригадаларға арналған үш автомашина.

Анестезиология және реанимация бөлімшелеріне, операциялық блокқа, қабылдау бөліміне және бейінді бөлімшелерге оттегін орталық жеткізумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында аурухананың іргелес аумағы абаттандырылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Былтыр тепе-теңдік негізінде облыстық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 100 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталған болатын. Биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қалада одан әрі құрылыс салу үшін Саран қаласының Бас жоспарына түзету енгізілді, бұл шағын және орта бизнесті, өнеркәсіп саласында ірі кәсіпкерлікті дамыту үшін, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге мүмкіндік береді.

РТБ өндірістік алаңын дамыту алдағы бес жыл ішінде болашақта РТБ ықшам аудандарының 11 га тұрғын аймағын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

2020 жылы 3 ықшам ауданындағы № 14 және 15 екі үй қалпына келтірілді. Бұдан басқа, жыл бойы үйлерді реконструкциялауға немесе олардың жағдайына байланысты бұзуға қажетті жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету - әлеуметтік маңызы бар мәселе. Тұрғын үй алу кезегінде 987 отбасы тұр.

2020 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан кезекте тұрған 187 адамға, оның ішінде 52 көп балалы отбасыға, 17 зейнеткерге, 29 толық емес отбасыға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 2 отбасыға пәтерлер берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген 1 азаматқа, «қандас» санатындағы 2 отбасыға, 1, 2 топтағы 22 мүгедекке, оның ішінде арбамен қозғалатын 8 мүгедекке тұрғын үй берілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 62 пәтер берілді.

 

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ