Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

Балалар – бұл әр ересек адамның өмірін шынайы қуаныш пен жылулыққа толтыратын үлкен бақыт, мол қуаныш.  Бала – адамның бауыр еті. Әрбір ата-ана өз баласын жарық дүниеге әкелген сәттен бастап оған барлық жүрек жылуын, ата- ана қамқорлығын сыйлап, болашақта сол баланың өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына ықпал етеді. Боламын деген баланың бетінен қақпай, белінен буатын дана халқымыз ұрпағына тағлымды тәрбие беріп, кішіпейілділікке баулып өсірген.

Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев: «Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет»,- деп өз сөзінде атап өткен болатын.

Отбасын, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің маңызды міндеттері. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қолдауды қажет ететін балаларды отбасылық қамқорлықпен қоршау үшін көп нәрсе жасалуда. Алайда балаға негізгі тәлім-тәрбиені, мейірімділік пен сүйіспеншілікті жанұя мен туған-туысқандары ғана бере алады.  Балаларды тәрбиелеуге бар күшін салатын ата-аналарға шын жүректен алғыс айтамыз.

Ардақты ата-әжелерге ризашылығымызды білдіреміз. Педагогтарға, тәрбиешілерге, медицина қызметкерлеріне, психологтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, өзін балалармен жұмыс істеуге арнаған барлық адамдарға балаларға сыйлаған жылулықтарыңыз бен жомарт жүректеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық пен мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Балалар қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларына тілектеспіз. Жүздеріңізнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңізге тек мейірім мен шапағат ұяласын.

Е. ТЕМИРХАНОВ,

Саран қаласының әкімі

Ө. БАЙМАҒАНБЕТОВ,

Қалалық мәслихаттың хатшысы