Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 42/01 қаулысына сәйкес сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлардың және үгіттік баспа материалдарын, атап айтқанда Ақтас кенті әкіміне кандидаттарды орналастыру орындарының тізбесі анықталды.
Осы қаулыға сәйкес Ақтас кентіндегі сайлаушылардың кездесуіне арналған үй-жайы болып «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» КМҚК кіші залы анықталды (Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, үй 16-а, телефон: 55061, 55044).
Ақтас кентінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін Первомайская көшесі, 16 үйдегі дүкеннің алаңы айқындалды.
К. Омаров,
қалалық сайлау комиссиясының төрағасы