Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

БАЛАЛАР ТАҢҒАЖАЙЫПҚА, ТӘРБИЕЛІК МӘНГЕ ТОЛЫ, СИҚЫРЛЫ ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ  САЯХАТ ЖАСАДЫ. Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 3 кітапхана филиалы «Балаларға арналған кітаптар» кітапханалық акциясы және Балалар әдебиеті жылы аясында «Ерте, ерте, ертеде...» атты іс-шараны ұйымдастырып, кішкентай оқырмандарымен бірге ғажайыпқа толы ертегілер әлеміне саяхат жасады.

Іс-шарада балалар әдеби викторина сұрақтарына жауап берді, ертегілер туралы жұмбақтар шешті, ертегі кейіпкерлерін білуге арналған түрлі конкурстарға қатысып, белсенділіктерін көрсетіп отырды.

 Халықтық ертегілер өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма.  Әрбір ертегі жаман мен жақсыны, ақ пен қараны айыруға көмектеседі. Балаларды Отанның патриоты болуға, адамгершілік пен мейірімділікке, адалдық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.  Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Баяу басталып, оқиға желісі күрделене түскен кезде кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады.  Осындай таңғажайып әлемге арналған, оқырмандарды қызықтырған шарада тағылымды, тәрбиелік ертегілерге шолу жасалынды. Көптің көңілінен шыққан «Колобок», «Шалқан» және «Ұйқыдағы ару» сынды ертегілер талқыланды. Ертегілердің атауларын табу бойынша көңілді ойындар өткізілді. Ең соңында келушілер мәз-мейрам болып, алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, бүгінде Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 3 кітапхана филиалында 12 мың кітап бар. Оның шамамен 4500-і балаларға арналған кітаптардан тұрады. 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА