3 ТАМЫЗ КҮНІ САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ИНСТАГРАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ АЙГҮЛ МУСАЛИЕВА «САРЫАРҚА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖӘНЕ «АДАЛДЫҚ КӨМЕК» ЖОБАЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗДІ.
Осы жолғы тікелей эфир «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға арналды.
Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі халыққа 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оларға: елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру, халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары кіреді.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде 429 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 309-ы мекенжайды тағайындау бойынша жүргізілген.
- Бізге мекенжай беру Мемлекеттік корпорация арқылы яғни бұл халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Электрондық үкімет порталы арқылы 15 минут ішінде жауап алуға болады. Егер сіз Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берсеңіз, онда 6 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі. Мекенжай жер учаскесіне үй мен пәтерге беріледі. Егер үй салуды бастасаңыз алдымен жер учаскесіне мекенжай тағайындалады, содан кейін үйді салып болғаннан кейін оған мекенжай беріледі, - деді Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Айгүл Мусалиева.
Сондай-ақ, тікелей эфир барысында Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібі егжей-тегжей түсіндірілді. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және тұрақты мекенжайлар беріледі.
Алдын ала мекенжайлар: жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне, пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге, пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге, бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі.
Келесі тұрақты мекенжайлар болса: барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылыстарға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады, гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға, заңға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге және меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.
Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Айгүл Мусалиеваның айтуы бойынша, өз бетімен тұрғызылған объектілерге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстарға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға, бақтарға, саябақтарға мекенжай берілмейді.
Сонымен қатар, эфирде стандартқа сәйкес келетін мемлекеттік қызметтерді құру тәртібіне де аса мән берілді. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәсілі, оның мерзімі мен нысаны, нәтижесі айтылды. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің барлығы тегін екендігі атап өтілді.
Дайындаған:
Дина әбдіғалиева