ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА «ӨНЕРІМ – ӨМІРІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АТА – ӘЖЕЛЕР ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА АҚТАС КЕНТІ МӘДЕНИ САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.
Байқау Қарағанды қаласының Кеншілер сарайында офлайн түрде өтті. Байқау қарттарымызға қолдау көрсету, өнерлерін келешек ұрпаққа насихаттау арқылы, бойларындағы жақсы қасиеттерін халыққа әнмен, қолөнер бұйымдарымен паш ету болып саналды.
Байқауға әр жерден,әр түрлі ұйымдар қатысып гран при, I, II, III орындармен және алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Соның ішінде біздің «Ақ әже» вокал тобы халық әні «Ақтамақ» әнімен, «Ақ әже» вокал тобының солисті Ахметова Манат орыс әні «Ах, Самара городок» әнімен, Хор «Русская песня» орыс әні «Пшеница золотая» әнімен, ЭКОО «Якташлар» халық әні «Кубаляк» әнімен өнер көрсетіп «Алғыс хат»пен марапатталды.
Осындай ата – әжелеріміз көп болсын, келешек ұрпаққа берер үлгі өнерлері таусылмасын деп тілеймін.
Д. Ахметова,
Ақтас кенті мәдени – сауық орталығының
балалар мен жастар және жасөспірім ұйымының әдіскері