Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі - театр.Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі.
Театр демекші, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына биыл 110 жыл болыпты. Осыған орай қазан айының жиырма жетінші жұлдызында Қарағанды облысының қара шаңырағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театрының баспалдағын басып, Марзия Қабыкеновна, Бақытжамал Сағындыққызы, Айбарша Исатаевнаның жетекшілігімен Қтә-9-21, Бм-9-20, Қтә-9-18 тобының студенттері «Рахымжанның Қасымы» атты поэтикалық драмасын тамашалап қайттық. Біз киелі шаңырақтан өзімізге қажетті үлкен әсер алдық. Асқан шеберлікпен ойналған бұл қойылым, киелі сахнада шынайы болды. Біз қойылымды көре отырып,киелі сахнада қандай қойылым болмасын әрбір көруші пенденің жүрегіне жету қиынның қиыны екенін аңғардық. Біздің театрдағы эмоциямыз, күнделікті өмірдегіден өзгеше болды. Адамға өмірде көз жасын әкелген тебіреністер оны қайғы мен мұңға бөлесе, сахнада соны көрсете білген сәтте, актёрдің өз ісіне деген шығармашылық қанағаты менен ризашылық сезімін тудыратының аңғардық. Театрдағы қойылым әрқайсысына әртүрлі әсер етті. Кейіпкерлермен бірге күлді, бірге жылады. Қасымның қалың қазаққа, молынан әйгілі болуын – біз Қасымның мәңгілікке халық баласы болып қалатынына тамаша айғақ деп есептейміз. «Сенемін, саған деген махаббатым, Ескіріп, жер астында қалмас шіріп» дегені расқа шықты. Біз Қасым рухының, Қасым әулетінің өмірін асқан шеберлікпен ойнаған актёрларымызға, жүрекке жеткізген әсер үшін бас иеміз! Театр-адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзін түсінетін орын... «Тазарғың келсе, театрға бар» дейтініміз бар тағы...
Аяна Кәдірбаева,
"Достық үйі" балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы"
КМҚК "Жас тілші" үйірмесінің мүшесі