Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» ДЕМЕКШІ, ӘР АДАМ ӨЗІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА АСА МӘН БЕРУІ ТИІС. ҚАЗІРДЕН БАСТАП ӨЗІМІЗДІ, ҚОРШАҒАН ОРТАМЫЗДЫ ҚОРҒАЙ БІЛЕЙІК.

Тамыз айында ең алдымен өзім үшін, екіншіден өзімнің жақындарымның амандығы үшін  «Vero Сell » екпесін алдым.  Екпеден кейін өзімді жақсы сезіндім. Шүкір, ешқай жерім ауырмады.

Өз басым ойлаймын, вакцина алған дұрыс деп. Себебі ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген  абзал.  Менімен бірге он шақты ардагер дәл сол күні екпе алған болатын. Біз бірден ойланбастан бұл шешімге келдік. «Денсаулық – зор байлық» деп бекерден бекер айтылмаса керек.  Ал қазіргі кезде жасымыз ұлғайған сайын түрлі аурулар шыға бастайды.  Сондықтан  өз-өзімізді күтіп, денсаулығымызға бей-жай қарамайық.

 Саран қаласында  тұрып жүргеніме, осы қаланың тұрғыны болғаныма биыл алпыс бес жыл. Қаланың гүлденуі, көркеюі барлығы көз алдымда өтті десем де болады. Сондықтан бойдағы күдік пен үрейді жеңе білу керек.  Сонда ғана аты жаман ауруды бірге бірлесе жеңе аламыз.

А. Хайруллина,

«Ардагерлер ұйымы» республикалық  қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасының орынбасары, сауда және қоғамдық тамақтану бастауыш ұйымының төрағасы