Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

СҮЙІНШІ! САРАН ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БЕС АСЫҚ» СПОРТЫНАН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КУБОГЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.

Таяуда  Қарағанды қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Асық ату» мен «Бес асық» ұлттық спорт түрлерінен жарыс  өтті. Ұлттық спорт ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қатысқан командалар Қарағанды,  Теміртау, Саран қалаларынан,  Шет, Нұра, Бұқар жырау аудандарынан келді.  Ойынның шартына сәйкес әр команда да үш ер адам мен үш нәзік жанды болуы тиіс. Себебі  ер азаматтар «Асық ату» түрінен сынға түссе, нәзік жандылар «Бес асық» ұлттық спорт түрінен бақталасқан.

Жерлестеріміз  Абай атандағы  жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Перизат Парменова, «Евразиан Фудс» АҚ инженер-химик Лена Айтмуратова мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің  3 курс студенті Әсел Омарова «Бес асық» ұлттық ойынында жақсы көрсеткіштерге ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Абай атандағы  жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Перизат Парменованың  ұлттық ойындарға қатысып жүргеніне алты жыл боп қалды.   Бірнеше рет жүлделі орындардың иегері атанған.

- Асық атумен бұрыннан бері айналысып келемін, қазіргі таңда балалармен жұмыс жасап жүрмін, - дейді ұстаз.

Оның айтуы бойынша,  уақыттың аздығына қарамастан топ құрамасы жарысқа сыртта да, үйінде де дайындалған. 

Аталмыш жарыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жалпы басшылықты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы  жүргізді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА