Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНІП, ДАУЫЛДЫ КҮНДЕР ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ – ЖЫЛУ. ҚЫЛЫШЫН СҮЙРЕТІП КЕЛЕТІН ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДАН БАСТАП ОЙЛАП, ЕРТЕ ҚАМДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК ЕРТЕ БАСТАЛҒАНЫМЕН, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕР ОРЫН АЛУЫ ӘБДЕН МҮМКІН.

Әсіресе, тұрғын үйлеріміздің жылы әрі жайлы, коммуналдық шаруашылығының сапалы болуына жіті көңіл бөлінуі керек. Сондықтан, бұл мәселе халық қалаулыларының назарынан қашанда қалыс қалып көрген емес. Биылғы суықты қалай қарсы аламыз?

Қарашаның 30 жұлдызында «Nur Otan» партиясының депутаттары: Өміржан Баймағанбетов - Саран қалалық мәслихатының хатшысы, Татьяна Алешкова мен Евгений Хисметов Ақтас кентіндегі қазандықтарды аралап, жылыту маусымының өту барысымен танысып қайтқан болатын.

Кенттегі жылыту қазандықтары штаттық режимде жұмыс жасап, барлық әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуде. Ақтас кентіндегі тіршілікті қамтамасыз етуші нысандарында штаттан тыс немесе апатты жағдайлар тіркелмеген. Қазандықтарда отынның нормативті қоры жасақталып отырғаны да анықталды.

Ал қазандық басшылары депутаттарға орталық жылу жүйесіндегі мәселелер туралы тілге тиек етті. Ең басты проблемалардың бірі әрі бірегейі - жылумен қамтамасыз етудегі халықтың берешегі.

Одан әрі қалалық мәслихат хатшысы Өміржан Зейнешұлы бастаған халық қалаулылары Ақтас кентіндегі қоқыс контейнерлерінің санитарлық хал-ахуалын тексеріп, кенттің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл тарапта да кент басшылығына деген сын-ескертпелер болмады. Ал Ақтас кентінің әкімі Бауыржан Ақанов 2022 жылы кентте автокөлік жолдарын абаттандыру және жөндеу жұмыстары жоспарланғандығы туралы айтып өтті.

Бауыржан Заруханұлы өз сөзінде Ақтас кентіне басшылық жасау үлкен абырой және жүгі ауыр, жауапкершілігі мол қызмет екендігін айтты. «Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс пен қала басшылығының алдымызға қойған міндеттерді қала халқымен бірлесе отыра іске асырамыз деп сенемін», - деді ол.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ