САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖӘНЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.Таяуда Саран қаласы әкімі аппаратының, қалалық ішкі саясат бөлімінің, ішкі істер бөлімінің, пробация қызметінің, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы және «Мир Добра» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Независимость превыше всего» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция аясында тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы ақпарат берілді. Бес көпбалалы ана және пробация есебінде тұрған үш отбасы әлеуметтік қолдау алды. Игі шара пробация қызметінің есебінде тұрған тұрмысы төмен жанұяларға, көпбалалы отбасыға қажетті киім-кешектермен, аяқ-киімдермен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне ықпал жасады. Ішкі саясат бөлімі, «Мир Добра» қоғамдық бірлестігі мен пробация қызметі жыл сайын тұрақты тұрде осындай игі шараны өткізіп тұрады. Алдағы уақытта қайырымдылық акциясын жалғастыру ойда бар.
Сондай-ақ, акция ұйымдастырушылары «Не молчи о домашнем насилии» атты буклеттерін таратты. Қайырымдылық шарасы барлық карантиндік нормаларды сақтай отырып өтті.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА
Фото: Камила ОСПАНОВА