- 861
«Бейбіт жиналыстар өткізу туралы» жаңа Заңның қабылдануы – тәуелсіз еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше қадам деуге болады. Ақпараттық дәуірде өмір сүріп жатқан біздер үшін митингтер мен бейбіт жиналыстарды өткізудің қалыпты жүйесінің болуы үлкен жаңалық болмақ.
- 827
Төтенше жағдай талайды тығырыққа тіреді. Індет табалдырығын аттаған кез-келген мемлекет осы кезде вирустың таралуын болдырмау ғана емес, халқының әл-ауқатын басты назарда ұстап, қиын сәтте тұралап қалмауын қадағалауда. Біздің елімізде де халықтың жағдайы үшін Үкімет нақты шараларды қолға алды. Себебі, адам – әуел бастан еліміздің басты байлығы. Осы қағидадан айнымаған мемлекетіміз төтенше жағдай кезінде де халықтың әл-ауқатын басты орынға қойды.
- 836
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңгеден берілді. Одан бөлек, нацистік концлагерлер тұтқындарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған майдангерлердің отбасыларына, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларға материалдық көмек көрсетілді.