Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жануарларды қорғау, адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті құтырма ауруы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпизоотиялық жағдайды сақтау, жануарларға қарау кезінде адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында жануарларға қарау саласындағы қатынастар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасыныі 2021 жылғы                           30 желтоқсандағы Заңымен реттеледі.

Осы Заңның талаптарына сәйкес жануардың иесіне немесе жауапты тұлғаға белгілі бір жауапкершілік жүктелген.

Атап айтқанда, олар:

иелігіндегі жануарларды ветеринариялық-санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып ұстауға және қарауға; 

вакцинацияны уақтылы жүргізуге;

стерилизациялау арқылы үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау шараларын қолдануға;

өз жануарына жауапкершілікпен қарауға және қатыгездік көрсетпеуге;

басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға;

қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге міндетті. 

Жануарларға қарау кезінде: жануарлар және (немесе) олардың ұрпағы жануарларға арналған панажайларға орналастырғанға немесе өзге де заңды тәсілмен иеліктен шығарылғанға дейін жануарлар иелерінің немесе жауапты адамдардың оларды ұстау жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуына;

иттердің өз бетінше жүруіне, қоршалмаған жерлерде тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз, олардың мінез-құлқын бақылай алмайтын, оның ішінде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың, сондай-ақ он алты жасқа толмаған адамдардың оларды серуендетуіне тыйым салынады;

Заңнаманы бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жануарларға қатыгездікпен қарау» 407-1-бабына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу» 407-2-бабына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылады.