Бүгін: 14.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Саран қаласының су айдындарында – Соқыр, Қарағанды өзендерінде, сондай-ақ Дамба су қоймасында шомылу маусымына арналған ресми бөлінген орындар, жағажайлар жоқ екенін хабарлайды. Бұл су айдындары жаппай демалу, туризм және спорт үшін пайдаланылатын объектілер болып табылмайды, нәтижесінде мәдени-тұрмыстық демалыс орындары бола алмайды.

Құрметті біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтары жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында мәдени-тұрмыстық демалысқа арналмаған жерлерде шомылудан бас тартуды, су айдындарының аумағында шаруашылық-тұрмыстық қоқыстарды қалдырмауларыңызды өтінеміз. Демалғаннан кейін қалған тұрмыстық қоқыстар қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, көбінесе жарақаттар мен басқа да жазатайым оқиғаларға себеп болады.

«Саран қалалық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ