Саран қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы үйде жасалған консерві өнімдерін пайдалану кезінде тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ботулизмнің алдын алу қажеттігін еске салады.
Ботулизм - бұл «Clostridium botulinum» бактерияларының токсиндерімен улану нәтижесінде пайда болатын жедел жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қышқыл және тұзды ортаға төзімді, консервілердегі ботулотоксин жылдар бойы сақталады. Бұл жағдайда өнімдердің иісі, дәмі мен сыртқы түрі өзгермейді.
Уланудың алғашқы белгілері сапасыз тағамдарды жегеннен кейін 2 сағаттан кейін, кейде 5 күннен кейін пайда болуы мүмкін.
Ботулизмнің белгілері:
- жүрек айну;
- құсу;
- іштің ауыруы;
- сұйық нәжіс;
- іштің тырсию сезімі;
- метеоризм;
- іш қату;
- көру қабілетінің бұзылуы;
- ауыздың құрғауы;
- бұлшықет әлсіздігі.
Ботулизмнің алдын алу шаралары:
- рұқсат етілмеген сауда орындарында үйде дайындалған өнімдерді, соның ішінде консервілерді сатып алмаңыз;
- тұтынушы қаптамасының тұтастығы бұзылған қампайған консервілерді тұтынбаңыз;
- азық-түлікті сақтау шарттары мен мерзімдерін сақтаңыз;
- пісіру кезінде тағамды термиялық өңдеуді іске асырыңыз;
- жеке гигиена және қол жуу ережелерін сақтаңыз.
Адамнан адамға инфекция берілмейді.
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ