Бүгін: 19.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Байқауға кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Байқау жеңімпаздарын өңірлік және республикалық комиссиялар келесі аталымдар бойынша екі кезеңде айқындайды:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар және ең көп марапатқа ие ең үлкен әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының үш және одан да көп буынының өкілдері болып табылатын, қазіргі уақытта еңбек қызметімен айналысатын және осы кәсіпорында жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем емес бір ұйымның қызметкерлері тобы. Әулет басшысы еңбек жолын өзгелерден ерте бастаған еңбек әулетінің өкілі болып танылады.

Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, жастардың кәсіптік бағыт-бағдар беруіне ықпал етіп, кәсіптерін дәріптеуге тиіс.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл).

3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды).

Өңірлік және республикалық кезеңдерге қатысу тегін, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Байқау жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сомаға сертификаттар беріледі:

- 1-орын үшін - 1 000 000 (миллион) теңге;

- 2-орын үшін - 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- 3-орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) аталымды көрсете отырып, еркін нысандағы байқауға қатысуға өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) аталым тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қажет болған жағдайда жұмыс орны мен дағдыларын көрсетумен);

4) байқауға қатысушы (жұмыс, отбасы, қызығушылықтары, хоббилері және т.б.) туралы 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында) ;

5) жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе қызметкердің еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсыныс хаты.

Бар болса (келесі құжаттардың көшірмелері):

- мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттардың, мадақтамалардың, алғыс хаттардың көшірмелері

- біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Байқауға құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

«Еңбек жолы» байқауына қатысу ережесі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (Саран қ., Жеңіс көш., 45, № 3 каб, анықтама телефоны: 7-67-70) білуге болады.