Бүгін: 24.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі бүгінде халқымызға дәйекті білім беріп, жастарды тәрбиелеп, сара жолға салған қара шаңырақ, еліміздегі еңселі де беделді оқу орындарының бірі болып саналады. Бір ғасыр тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүр.

Шарттары қандай?

Мектеп құрылысы үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 96 АЕК;

Мектепті реконструкциялау үшін - 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 47 АЕК;

Жан басына шаққандағы норматив - бір оқушыға жылына орта есеппен 590 000 теңге (төлем мектеп жұмыс істеп тұрған барлық уақытта жүргізіледі).

Қандай механизм?

Кәсіпкер жатақханаларды өз қаражаты есебінен салады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер құрылыс аяқталғаннан кейін және студенттердің нақты тұруы үшін ғана жүргізіледі.

 

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

 «Жыл сөзін» әртүрлі елдердің, академиялық немесе қоғамдық институттардың анықтауы әлемде бұрыннан дәстүрге айналған. Әдетте, жылдың басты «вайбын» сипаттау үшін қандай да бір ұғым немесе термин таңдалады. Осы тәжірибені елімізде қолдансақ, 2022 жылға жеке сөзді емес, «Әділетті Қазақстан» деген тіркесті таңдаған жөн болар еді.

Қоршаған ортаның ластануы – жаһандық мәселе. Оны білеміз, алайда экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатын күнделікті шараларды қажетті деңгейде орындамаймыз. Экологиялық сарапышлар ауа ластанып, жер беті қоқыс полигондарына толып жатқанын дабыл қағып айтуда.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутат кандидаттарының назары үшін!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутат кандидаттарының назары үшін!

Өткен 100 жылдықты «Атом ғасыры», «Космостық эра» деп мақтанышпен атады, ал қазіргі ғасырды «Интернет дәуірі» деп атап жүрміз. Мүмкін «Интернет және роботтар дәуірі» деген дұрыс шығар? Сіз қалай ойлайсыз? Қазіргі таңда миллиондаған роботтар қолданыста жүр. Адамзат өмірінің барлық саласында роботтар практикада жұмыс жасап жатқан жайы бар.

Олардың бірі сіз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген кір жуғыш машинасы, тоңазытқыш, автопилотта жүретін автокөліктер, медицина саласындағы түрлі кардиостимуляторлар және тағысын тағы.

«Тіл – тәрбие бастауы» деп тегін айтылмаған. Өйткені, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап айналадағы жаңа ақпараттарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды.

Өз ана тілін сәбилер ананың әлдиінен, бесік  жырынан, қоршаған ортасынан бойына сіңіру арқылы үйренеді. Ержете келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Мінекей осылай, ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді, отбасылық тәрбиенің негізгі бастау көзі – ана тілі. Қазақ әр кезде де ұрпақ тәрбиесіне жете назар бөлген. Ал ұлттық тәрбиенің негізі әрине, әрқашанда ана тілі болып табылады.