- 545
Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.
- 475
БИ - ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨНЕР ТҮРІ. БИ ӨНЕРІ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСЫНДА МАҢЫЗЫ ЗОР. БИ ТЕК ҚАНА ӘСЕМДІК ҮШІН ҒАНА ЕМЕС СОНЫМЕН ҚАТАР, БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ӘРІ ӘДЕМІ ҚОЗҒАЛУЫНА, ӘСЕРІН ТИГІЗЕ ОТЫРЫП, ДЕНЕГЕ ИКЕМДІК СЫМБАТ БЕРЕДІ. ЖАЛПЫ АЙТҚАНДА, БИ – БҰЛ ДЕНЕ ҚИМЫЛЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ.
- 351
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшыларының әлсіздігі жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аумақтық күштік органдар басшыларының билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге жеке тоқталғым келеді. Жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткен», - деді Б.Асылов.
Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамның ғимараттан кетуге дайындалуы керектігі жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқау келіп түскен.
«Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. Турасын айтқанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған», - деді Бас прокурор.
Осы орайда ол Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болғанын айтты. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», - деді Б. Асылов.
Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.
- 424
АЛАҢСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ТӘТТІ КЕЗІНДЕ «ОТАН – СЕНІҢ АТА-АНАҢ, ОТАН – ДОСЫҢ, БАУЫРЫҢ» ДЕП БАСТАЛАТЫН ЖЫР ШУМАҚТАРЫН ТАҚЫЛДАТА АЙТҚАН БОЛАРСЫЗ. ЕНДЕШЕ, СОЛ ӨЛЕҢНІҢ «ОТАН» ДЕП ӨС ЖАС ҚАУЫМ, ОНЫ АРДАҚТАП СҮЙЕ БІЛ» ДЕП АЯҚТАЛАТЫНЫ ДА ЕСТЕ. БҮЛДІРШІННІҢ БАЛ ТІЛІМЕН АЙТЫЛҒАН БҰЛ ӨЛЕҢНІҢ МӘН-МАҒЫНАСЫН СОЛ КЕЗДЕ ТҮСІНБЕСЕК ТЕ, БҮГІНДЕ МӘНІНЕ ЖЕТКЕНДЕЙМІЗ. ЖАДЫМЫЗДА САҚТАЛҒАН ОСЫ БІР ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ ӘРБІР ТҰЛҒАНЫҢ ЖҮРЕК ТҮКПІРІНДЕ ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ БЕРІК ОРНАУЫНА СЕП БОЛДЫ. АЛ ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ОНЫ СҮЙГЕН ӘРБІР ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ.
- 467
1992 ЖЫЛЫ 23 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ - ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІН АНЫҚТАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ. АЛ 2007 ЖЫЛДАРЫ – 23 МАУСЫМ ПОЛИЦИЯ КҮНІ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ.
- 343
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.
- 401
ЖАҢА ЖЫЛ - БАЛАЛАР ҮШІН ӘЛЕМДЕГІ ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ, ЕҢ ҒАЖАЙЫП МЕРЕКЕЛЕРДІҢ БІРІ. ОЛАР ЖАҢА ЖЫЛДАН ЖАҚСЫЛЫҚ КҮТЕДІ. ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША - ЖАҢА ЖЫЛ МЕЙРАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНЫ. ӘЛЕМНІҢ КӨПТЕГЕН ХАЛЫҚТАРЫ ТОЙЛАЙТЫН ОРТАҚ МЕРЕКЕНІҢ ТАРИХЫ ДА ӘРТҮРЛІ. БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ДЕ БҰЛ МЕРЕКЕНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК.
- 371
МЕРЕКЕ ЖАҚЫНДАҒАН САЙЫН БАЗАРЛАР МЕН КӨШЕ БОЙЫНДА ОТШАШУ САУДАСЫ ҚЫЗА ТҮСЕДІ. КӨПШІЛІК ОНЫҢ БАҒАСЫНА ҚЫЗЫҒЫП, САТЫЛУҒА РҰҚСАТЫ БАР МА, ЖОҚ ПА, ОҒАН ҚАРАМАСТАН САТЫП АЛЫП ЖАТАДЫ. СЫРТЫ ӘДЕМІ БОЛЫП КӨРІНГЕН ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПТІЛІГІ БАРЫН ҰМЫТЫП КЕТІП ЖАТАДЫ.
- 567
ЕЛІМІЗ КӨНЕ ЗАМАННАН БЕРІ ҚАРАЙ САН АЛУАН МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ТОҒЫСУ МЕКЕНІ БОЛҒАН. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҒЫНДА БІРНЕШЕ ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ТӘҢІРШІЛДІК, ЗОРОАСТРИЗМ, МАНИХЕЙЛІК, БУДДИЗМ, ХРИСТИАНДЫҚ, ИСЛАМ СИЯҚТЫ ӘРТҮРЛІ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР БЕЙБІТ, ҚАТАР ӨМІР СҮРГЕН. ЯҒНИ ЕЛІМІЗ ТОЛЕРАНТТЫЛЫК ИЕН КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАНЫН ОСЫ ДЕРЕК АЙҒАҚТАЙДЫ.
- 388
АЛАҢСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ТӘТТІ КЕЗІНДЕ «ОТАН – СЕНІҢ АТА-АНАҢ, ОТАН – ДОСЫҢ,
БАУЫРЫҢ» ДЕП БАСТАЛАТЫН ЖЫР ШУМАҚТАРЫН ТАҚЫЛДАТА АЙТҚАН БОЛАРСЫЗ. ЕНДЕШЕ, СОЛ
ӨЛЕҢНІҢ «ОТАН» ДЕП ӨС ЖАС ҚАУЫМ, ОНЫ АРДАҚТАП СҮЙЕ БІЛ» ДЕП АЯҚТАЛАТЫНЫ ДА ЕСТЕ.
БҮЛДІРШІННІҢ БАЛ ТІЛІМЕН АЙТЫЛҒАН БҰЛ ӨЛЕҢНІҢ МӘН-МАҒЫНАСЫН СОЛ КЕЗДЕ ТҮСІНБЕСЕК
ТЕ, БҮГІНДЕ МӘНІНЕ ЖЕТКЕНДЕЙМІЗ. ЖАДЫМЫЗДА САҚТАЛҒАН ОСЫ БІР ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ ӘРБІР
ТҰЛҒАНЫҢ ЖҮРЕК ТҮКПІРІНДЕ ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ БЕРІК ОРНАУЫНА
СЕП БОЛДЫ. АЛ ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ОНЫ СҮЙГЕН ӘРБІР ЕРДІҢ ПАРЫЗЫ.
«Елім деген ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» демекші, елін сүйген ердің ісі қашанда ел
есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі бейбіт өміріміз – өз заманында Отан үшін от кешкен оғландардың,
олардың туған жер үшін жанқиярлық ерлікке барғанының арқасы. Ел басына күн туғанда етігімен
су кешіп, елі үшін жанын пида еткен қайсар халықтың бүгінгі ұрпағы – Отан алдындағы
жауапкершілікті толықтай сезінуі тиіс. Бұл үшін қазіргі қоғамда барлық жағдай жасалған. Тіпті, ел
қорғандарына арналған күнтізбеде ерекше белгіленген мереке де бар. Ол 7 мамыр – Отан
қорғаушылар күні.
Санаулы күндерден кейін атаулы мерекенің келуіне санаулы күндер ғана қалды. Түсінген жанға,
айтулы мерекенің орны тым бөлек. Себебі, ел қорғайтын азаматтарымыздың барында біздің
тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бірлігіміз үстемдік құрмақ.
Мерейлі мерекенің тарихына зер салсақ, 1992 жылы 7 мамырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан
Назарбаев ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды. Соған сай ел аумағындағы
барлық Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.
Жоғарғы бас қолбасшы ретінде оны ел Президенті басқарады. Қарулы күштердің құрылған күні
болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» болып жарияланды. Ал 2012 жылы Елбасы
бұйрығының негізінде бұл күн қызылмен белгіленіп, мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бұл мереке
– батырлық пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз махаббаттың нышаны. Өз Отанын қорғау –
әрдайым әрбір перзенттің парызы болып қала бермек. Бұл туралы пайғамбар хадисінде елдің
тыныштығын сақтап, Отанның шекарасын қырағылықпен күзеткен жанның дүние-ақыретінің
қайырлы болатыны айтылған.
Биыл Отан қорғаушылар мерекесінің Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығымен
тұспа-тұс келуі қуантарлық жағдай. Осы жылдар ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға,
заманауи және кәсіби әскер құруға барынша күш салынды. Отан қорғаушылар өз кезегінде әскери
борышын өтеуде. Шекарамызды нық қорғап тұрған ерлерді батыр демеске болмайды. Олар –
тәуелсіз еліміздің тірегі.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында бүгінде өз ісінің маманы атанып, өзінен кейінгілерге әскери
саланың қыр-сырын түсіндіріп жүрген 44803 әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери
қызметкері Жүсіп Асланмен аз-кем әңгімелескен болатынбыз. Сол сұхбатымызды назарларыңызға
ұсынамыз.
- Аслан, алдымен келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Өзіңіз туралы кеңінен
мағлұмат алсақ дейміз. Қай өңірдің тумасысыз? Отбасыңызда әскери салада жүргендер бар ма?
- Рахмет, бұл мереке тек Отан қорғаушылардың ғана емес, барша қазақстандықтар үшін маңызды
мереке дер едім. Ал өзіме келер болсақ, туылған жерім Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.
Отбасымызда әскери салада қызмет еткендер болған жоқ. Әскери қызметкер болу – бұл менің өз
таңдауым.
- Әскери қызметкер болуыңызға не түрткі болды
- Мектеп кезіндегі «Бастауыш әскери дайындық» деген пән есіңізде шығар. Міне осы пән маған
өте қызықты болатын. Қару-жарақ, түрлі дене жаттығулары. Бала кезінде бұндайларға қызықпаған
ер балалар аз шығар. Мен де кішкентайымнан әскерилерге қызығып өстім. Солар секілді
батырлық пен қайсарлықты сезініп көргім келді. Тіпті өз-өзімді іштей жігерлендірдім де. Уақыт өте
келе осы саланың адамы боламын деп түсіндім. Бүгінде осы шаһардағы 44803 әскери бөлімде
келісімшарт негізінде қызмет етіп жатырмын. Әскери шенім – капитан.
- Оқырмандарымызды әскери қызметшінің бір күні қалай өтеді деген сауал мазалайтыны белгілі...
- Біз сарбаз емеспіз. Қызметкер болғандықтан өзге сала қызметкерлері секілді таңертең жұмысқа
барамыз. Кейде кезекшілікке түсіп, сонда түнеуге тура келетін сәттер де болады. Таңғы сегізде
жұмысымыз басталады. Әр күннің өзіндік тапсырмалар кестесі түзілген. Соған сай орындаймыз.
Басым көпшілігі жаттығу жұмыстары. Жаттығу туралы кеңінен айта алмаймын. Себебі ол - құпия.
Кешкі алтыларда тексеру болады, сосын қайтамыз.
Тағы бір айта кетерлігі, әскерде ұстануға тиіс нақты күнделікті тәртіп бар. Әскери қызметкерлердің
күн тәртібін қатаң сақтауы әскери тәртіптің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады және оны
бұзу тәртіптік жазаға әкеп соғады.
- Көп жігіттерден естиміз, әскердегі жылдар адамның мінезін өзгертеді дейді. Сіз қалай ойлайсыз?
- Иә, ол рас. Әскерде болған жігіттер мен Отан алдындағы борышын өтемегендердің мінез-құлқы
жер мен көктей. Кәдімгідей айырмашылықты байқауға болады. Әскери өмірді көргендер ортада
өзін қалай ұстау керектігін, қай жерде қалай сөйлеп, тіпті қалай жүру керектігін біледі. Яғни, өз-
өзін басқара алады. Мінезі тұйықтау келеді. Қысқасы, нағыз еркекке тән қасиеттер - батырлық,
жігерлікті табуға болады ғой.
- Демек ел арасында қалыптасып кеткен «әскери қызметкер тым қатал» деген ұғыммен келісесіз
ғой...
- Әскери адам да өзгелер секілді ет пен сүйектен жаратылған. Олардың айырмашылығы деп –
жігерлікті айтар едім. Әрине, мен мұнымен өзгелердің ондай қасиеті жоқ дегім келмейді. Әскери
қызметші – әскери тәртіпке дағдыланады ғой. Дегенмен біз де қажет кезінде әзілдесіп тұрамыз.
Қатал болатын жерде оны байқатамыз. Бастысы, бұл салада жүргендер қайда болмасын өз орнын
біледі.
- Ұят та болса, айтуға тура келеді. Елімізде әскерге бармаудың барынша амалын табатындар жоқ
емес. Оларға айтарыңыз бар ма?
- Бұрындары, жасы келді ме, барлық жігіттерді бірдей әскерге жіберіп отырған. Меніңше, сол
талапты қазір де қолдану керек сияқты. Ары кетсе бір жыл жүреді. Қайта қайсарлықты үйреніп
келеді. Оның үстіне қазір Аллаға шүкір, бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз ғой. Мәселен менің
әкемнің кезінде қазақ аяқ басып көрмеген елдерге жіберіліп, сол жақта әскерде болып келгендер
бар. Ал қазір шүкір, бір Қазақстанның іші. Борышты өтеу мерзімі де көзді ашып жұмғанша өте
шығады.
Ал әскерден жалтарып жүргендерге айтарым, егер сен ер азамат болсаң – еліңді қорғай білуің
керексің. Бауыржан Момышұлы атамыз «Әскери қызмет дегеніміз — дені сау әрбір азаматтың
асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса, ол патриот емес» деген.
Сондықтан сен де әскери борышыңды атқаруға міндеттісің дер едім.
- Бәлкім оларға соңғы кезде жиі орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар себеп шығар. Мәселен,
әскерде соққыға жығылу, өз-өзіне қол жұмсау...
- Ол – жай сылтау сияқты. Оның үстіне жұрттан естіп, қазірден қашатын болса, ол жігіт ертең өз
елін қалай қорғамақ Отанына деген махаббаты қайдан болсын. Айтып өткенімдей, бір жыл зу етіп
өте шығады. Әскери өмір тәртіпке бағынуды, қиындыққа төзуді, жігерлі болуды үйретіп, өмірлік
тәжірибе береді деп ойлаймын. Оның үстіне әскери борышын өтеу уақыты бір–ақ жыл. Зу етіп
өтед те шығады. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген, өз басым ел басына күн туса бір жылымды
емес, жанымды беруге дайынмын. Жұрт жадында сақталған аңыз, ертегі, даналық сөздерге зер
салсақ – қай заманда да ер азаматтың міндеті елін қорғау болған, қазір де солай, келешекте де
солай бола бермек. Сондықтан, өзін еркекпін деп есептейтін дені сау азамат Отанын қорғауға
қашанда дайын болуы керек. Осы себепті әскерге бару әрбір азаматқа міндет.
- Төл мереке қарсаңында әріптестеріңіз бен барша қазақстандықтарға айтар тілегіңіз болса,
мархабат...
- Келе жатқан төл мерекеміз баршамызға құтты болсын! Бастысы, әрқашан еліміз тыныш,
Отанымыз аман болсын дегім келеді. Аспанымыз ашық болып, әрдайым бейбіт заман болсын. Көк
байрағымыз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын! Осындай бейбіт елде өмір сүруіміз бірінші
кезекте Жаратқан иеміздің, екінші кезекте Мемлекет басшысының арқасында ғой. Және де осы
күнге жеткізген ата-анамыздың амандығын тілейік. Отыз жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктері
ауыз толтырып айтарлықтай ғой. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берейік. Оған үлес
қосуға әрбір қазақстандықты шақырамын.
- Сұхбатыңызға рақмет! Тағы да төл мерекеңізбен!
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ