Бүгін: 23.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚАРАША АЙЫНЫҢ 19 ЖҰЛДЫЗЫНДА «РАДУГА» АУЛА КЛУБЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТІРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ПЕН ДОЙБЫ БОЙЫНША САЙЫСТАР ӨТТІ.

БҮГІНДЕ АЛДЫМЫЗДА ТҰРҒАН БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ – КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ, ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ, ҚАНДАЙ ДА БІР КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР МЕН СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, БОЛДЫРМАУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ БОЛЫП ОТЫР.

Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар – егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін пайда болған жаңа әлеуметтік-саяси ақиқат.  Қазақстандағы этносаралық қатынастар онда тұрып жатқан барлық халықтардың қоғамдық қызметінің әр түрлі салаларындағы сан түрлі өзара байланыстары мен қарым-қатынастарының тізбегі, біртұтас органикалық жүйе ретінде қызмет атқаратын тәжрибе көрсетіп отыр. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2022 жылы мемлкеттік тіл нормасына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесін – 74 % жеткізу деп белгіленген. Осы мақсатты индикаторға қол жеткізу үшін облыстық акция аясында Саран қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы тіл нормаларының сақталуын бақылау, жүйелеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жылына төрт рет «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы ұйымдастырылады.

ЖУЫРДА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ «ЖІГЕР» СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «КҮЗГІ БАЛЛ» КЕШІ БОЛЫП ӨТТІ.

2022 жылғы 20 қарашада дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

1.                 Абай облысы бойынша – 80,18%

2.                Ақмола облысы бойынша – 78,87%

3.                Ақтөбе облысы бойынша – 72,81%

4.                Алматы облысы бойынша – 72,10%

5.                Атырау облысы бойынша – 70,87%

6.                Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67%

7.                Жамбыл облысы бойынша – 79,57%

8.                Жетісу облысы бойынша – 81,42%

9.                Қарағанды облысы бойынша – 78,39%

10.           Қостанай облысы бойынша – 79,28%

11.           Қызылорда облысы бойынша – 81,07%

12.           Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%

13.           Павлодар облысы бойынша – 77,58%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%

15.           Түркістан облысы бойынша – 80,37%

16.           Ұлытау облысы бойынша 75,48%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49%

18.           Астана қаласы бойынша – 48,60%

19.           Алматы қаласы бойынша – 28,72%

20.           Шымкент қаласы бойынша – 59,79%. 

Қазақстанда байқау миссиясына ШЫҰ-ға мүше жеті мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сайлау органдарынан, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін органдар - Хатшылық пен АТҚҚ-дан 18 өкіл аккредиттелді. Олардың барлығы төрт топқа бөлініп, Астана мен Ақмола облысындағы 21 сайлау учаскесіне барды. Бұл туралы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, ол еліміздегі басты саяси оқиғадан жақсы әсер алған.

«Дайындық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз учаскелерде комиссия төрағаларымен, комиссия мүшелерімен, бақылаушылармен, сондай-ақ сайлаушылармен әңгімелестік. Олардың барлығы ашық және еркін сөйлесті, үлкен белсенділік танытты. Комиссияның тағы бір адамы жергілікті жерлерде қандай да бір тәртіпсіздіктер болады деп күткенін, бірақ бәрі тыныш және тұрақты өткенін айтты. Сондай-ақ барлық комиссия мүшелері мен қызметкерлер заң бойынша әрекет етті, өз міндеттерін адал атқарды. Кеше тыныштық күні болды, бірақ олардың барлығы сол жерде болды. Бәрі жақсы ұйымдастырылған. Мен бүгін көп сайлау учаскесінде болдым, олардың барлығы кәсібилігін көрсетті», - деді спикер.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 20.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,31 % бюллетень алды.

Оның ішінде:

1.                 Абай облысы бойынша – 80,18%

2.                Ақмола облысы бойынша – 78,87%

3.                Ақтөбе облысы бойынша – 72,20%

4.                Алматы облысы бойынша – 72,10%

5.                Атырау облысы бойынша – 70,87%

6.                Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%

7.                Жамбыл облысы бойынша – 79,57%

8.                Жетісу облысы бойынша – 81,43%

9.                Қарағанды облысы бойынша – 78,39%

10.           Қостанай облысы бойынша – 79,28%

11.           Қызылорда облысы бойынша – 80,31%

12.           Маңғыстау облысы бойынша – 66,18%

13.           Павлодар облысы бойынша – 77,58%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%

15.           Түркістан облысы бойынша – 80,37%

16.           Ұлытау облысы бойынша 75,48%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49%

18.           Астана қаласы бойынша – 48,67%

19.           Алматы қаласы бойынша – 28,72%

20.           Шымкент қаласы бойынша – 59,79%.

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскелік сайлау комиссиялары (Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Гонконг, Шанхай, Тайланд, Индонезия) жұмысын аяқтап, 7400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. 57 учаске жұмысын жалғастыруда.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ОСК брифингінде шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 53 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адам болатын 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғанын хабарлады. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 18.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85 % бюллетень алды.

Оның ішінде:

1.                 Абай облысы бойынша – 78,88%

2.                Ақмола облысы бойынша – 75,82%

3.                Ақтөбе облысы бойынша – 71,23%

4.                Алматы облысы бойынша – 70,92%

5.                Атырау облысы бойынша – 67,88%

6.                Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%

7.                Жамбыл облысы бойынша – 77,27%

8.                Жетісу облысы бойынша – 77,08%

9.                Қарағанды облысы бойынша – 77,80%

10.           Қостанай облысы бойынша – 77,56%

11.           Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %

12.           Маңғыстау облысы бойынша – 64,57%

13.           Павлодар облысы бойынша – 77,12%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46%

15.           Түркістан облысы бойынша – 80,25%

16.           Ұлытау облысы бойынша 74,45%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81%

18.           Астана қаласы бойынша – 48,01%

19.           Алматы қаласы бойынша – 27,93%

20.           Шымкент қаласы бойынша – 59,56%.