- 502
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері: 2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.
- 567
Өткен аптада Саран қалалық мәдениет үйінің конференц-залында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Нұрхат Хамитовтың төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде Кәмелетке толмағандармен орын алатын жазатайым оқиғалар мен балалардың жол – көлік оқиғаларынан болатын жарақаттарының алдын алу туралы мәселе қаралды.
- 542
Қазақстан үздік зейнетақы жүйелері бар елдер рейтингінде ТМД бойынша көршілерінен озып кетті
Сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы Allianz өзінің Жаһандық зейнетақы есебінің (API) жаңа басылымын шығарды. Онда әлем бойынша 75 зейнетақы жүйесін талдау нәтижесінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне 3,5 балдық API рейтингі берілді. Осылайша қазақ елі ТМД бойынша көршілес, сондай-ақ Испания, Чили, Сингапур, БАӘ және басқа мемлекеттерден озып кетті.
- 698
Жаздың жаймашуақ күні де келіп жетті. Мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалысқа шықты. Бірі ауылдағы туыстары мен ата-әжелеріне баруды ойласа, кейбірі лагерьлерде тынығуды жөн көреді. Маусым айынан бастап жазғы лагерьлер балаларға есігін айқара ашты. Оның ішінде шаһардағы білім ошақтары жанында жұмыс істейтін орындар бар.
- 558
Егемендігімізді асқақтайтын, тәуелсіздігімізді күллі әлемге жар етуші мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын білдіретін ерекше құнды белгі болып табылады. Ал, оны құрметтеп, қастерлеу әр қазақстандықтың борышы.Тұғырлы мереке – Рәміздер күніне орай 4 маусымда Саран қаласында арнайы авто-мото шеру өтті.
- 584
Технология дамыған сайын алаяқтық әдістері де жетілдірілуде. Алаяқтар күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап табуда және олардың схемалары тек азаматтарға ғана емес, кәсіпкерлерге де бағытталған.
Әрбір кәсіпкер алаяқтардан алдануды барынша азайту үшін білуі қажет мәселелерді FinGramota.kz-пен бірге қарастырайық.
- 558
Әлеуетті қарыз алушыға банктен кредит алу қажет болып, алайда қарыз алушының бұл мақсаттарға қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайлар кездеседі.
Мұндай жағдайларда банк алдында өзінің төлем қабілеттілігіне кепілдік беру үшін қосалқы қарыз алушы тартылады. Кредитті ресімдеу кезінде банктің қосалқы қарыз алушыға қойылатын талаптары қарыз алушыға қойылатын талаптарға ұқсас болады.
Қоса қарыз алушы деген кім, оның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігін FinGramota.kz-пен бірге қарастыралық.
- 594
Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өзінің қарыздары бойынша берешекті қалайша реттеу жөнінде, Fingramota.kz-ке «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Назар Рахимов Instagram-да тікелей эфир барысында айтып берді.
- 568
Абайлаңыз! Интернеттегі алаяқтар!!!
Құрметті азаматтар, сақ болыңыздар!!!
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен банк қызметкерлері сізге, біреу несие алуға тырысып жатқандығы туралы қоңырау шалмайды немесе ескертпейді, ешқандай ақша операцияларын жүргізуді, әсіресе алаяқтарды әшкерелеуге қатысуды сұрамайды.
- 619
Жыл сайын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында еліміздің даму әлеуетіне жан-жақты талдау жасалып, алдағы мақсат-мұраттар айқындалады. Соның бірі де бірегейі – халықты жұмыспен қамту мәселесі. Бұл тұрғыда жұртшылықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін өсіру, халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосу, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы» сынды жобалардың орны айрықша. Оған мемлекет тарапынан қомақты қаражат қаралған.