- 783
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу басталды. Жоба мемлекеттік аппарат үшін талантты, перспективалы және өршіл жастардың, өмірлік мақсаттары мен принциптері қоғамға қызмет етуге бағытталған өз саласындағы мамандардың қатарынан топ менеджерлердің кадр резервін қалыптастыруға бағытталған.
Конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар және орта деңгейден төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ұлттық стандарттарға сәйкес бұл В1 деңгейі.
- 496
Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі уақытта электронды қызметтердің үлесінің артуы, олардың қызмет алушылардың талаптарына сай болуы уақыт талабы. Бұл орайда қызмет берушілер мен қызмет алушылар арасында сапалы байланыс тек электронды үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің қосымшалары да тиімді қызмет атқарып отыр.
- 571
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
- 648
Қазақстан халқына Президент жолдауы. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады. Жиылым барысында дамыған елдің мүмкіндігін тұрақты реформаға ұштастыру мәселесі қозғалды. Осыған орай бәсекелестік дәуірде халықтың тұрмыс сапасын шын мәнінде жақсарту біздің мақсатымыз болу керек екенің ескерте айтып өтті.
- 515
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Саран төрінде салтанатты жиын өтті.
Шара барысында қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов жерлестерін мерекемен құттықтап, Саран шаһарының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.
- 517
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары! Құрметті балалар, педагогтар, ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің ортақ қуанышымызға орай, жүз мыңдаған оқушылар мен студенттерге, соның ішінде Саран қаласындағы мектептер, лицейлер, колледждермен қатар, еліміздің жоғары оқу орындары өз есігін қайта ашты.
- 587
Бұрын елімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары киерге киім таппағандықтан, мектепке уақытылы бара алмай, қатарынан жиі қалып қоятын. Соңғы жылдары мемлекет аяққа тұрып, етек-жеңімізді жиғанымыз сол екен, тұрмысы төмен отбасылардың саны да азая бастады. Мұндай жанұядағы балаларды мемлекет қана емес, қайырымды жандар өз қамқорлығына алған.
- 561
Ия, пендесіне берілер сынақ әрқилы. Бірі жазатайым оқиғадан жапа шексе, енді бірі туа бітті бұзылысқа тап болып, қазіргі қоғам тілімен айтқанда «мүмкіндігі шектеулі» деген топқа жіктеліп жатады. Басқа түссе пенде тағдырдың кез келген сынағына төзеді. Бұл бағытта мемлекет оларға өзгелермен тең дәрежеде жүріп-тұрып, кедергісіз өмір сүрулеріне қажетті жағдайлармен қамтуды басты назарда ұстауда.
- 538
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Ең үздік әлемдік тәжірибе, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді сіңірген Ата Заң халық бірлігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді».
Біздің туған қаламыз бен тұтас еліміздің өркендеуі тікелей әрқайсымызға байланысты екенін түсіну аса маңызды. Қоғам өміріне белсенді араласа отыра, біз аға ұрпақ мұраға тастап кеткен көптеген құндылықтарды сақтай аламыз.
Осы мереке күні біз туған өлкенің еңбек ардагерлеріне, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің жұмыс қызметкерлеріне, қаланың еңбек шежіресіне, оның экономикасының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан жандардың барлығына ерекше алғыс айтамыз.
Құрметті жерлестер!
Баршаларыңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!
- 530
Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, сыртқы келбеті мен әдеп нормалары маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ, өзінің уәкілеті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін Әдеп жөніндегі уәкілдер қызмет атқарады.