«WorldSkills Karaganda - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті
- 297
Биыл чемпионатқа 45 мамандық бойынша Қарағанды облысы колледждерінің 300-ден астам студенті өз шеберліктерін көрсетті.
СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАС САРАПШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САРАПШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
- 261
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері Қарағанды облысының сарапшылар қауымдастығымен кездесті. Аталған алаң, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен құрылған болатын.
«AMANAT» партиясы дәстүр бойынша Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында «AMANAT» медиа-сыйлығы байқауын жариялайды!
- 284
Биыл медиа сыйлықтың номинациялары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ, биыл Алаш тақырыбы байқауда ойып тұрып орын алады. Себебі біз үшін Алаш тақырыбында ізденіп, қалам тербейтін журналистерге қолдау көрсету ең басты міндеттердің бірі. Бұл сондай-ақ Алаш идеясын насихаттау мен арыстардың рухына деген тағзым мен құрмет белгісі болмақ.
ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ЖАРАДЫ
- 330
Естеріңізде болса, Қазақстан шахмат федерациясы Астана қаласында өткен шахматтан әлем чемпионатында мектеп командалары арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу туралы бастаманы көтерген-тін. Игі бастаманы Халықаралық Шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович те қолдап, Халықаралық Шахмат федерациясының президенті мен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов жалпы білім беретін мектептер арасындағы алғашқы әлем чемпионатын өткізу туралы шартқа қол қойған болатын.
Қарағанды облысының жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғаларының назарына!
- 286
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы 1-15 маусым аралығында жеке кәсіпкерлерді және заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қосуға өтініштер қабылдайды.
Толық ақпарат мына телефон арқылы: 87212/503876
Амангелді Иманов – халық батыры
- 472
Қазақтың біртуар дара батырларының бірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Амангелді Имановтың туғанына биыл 150 жыл.
Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінде дүниеге келген. Амангелді ең алғаш ауыл молдасынан сауатын ашып, кейін Тасыбай Тәшмағамбет ишандардың медресесінде 4 жыл білімін шыңдап түрік, парсы, араб тілдерін меңгереді.
Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырайды.
Амангелді Үдірбайұлы Иманов есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 310
«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінімдерді қабылдау басталғанын еске салады.
МОТОМАУСЫМ АШЫЛДЫ
- 324
Әуесқой мотоциклшілер күз-көктемде бірнеше рет бас қосып, мото саласындағы жаңалықтармен бөліседі, талқылайды, пікірлеседі. Ал, жаз шыға қала көшелерінде жүйтки бастайды.
Осыған орай жадыраған мамыр айының 13 жұлдызында Саран шаһарында байкерлер мотомаусым шымылдығын түрді. Бұлттай үйірілген мотошабандоздар әдеттерінше бүкіл қаланы аралап, думандатты. Онысымен мотоциклшілер және скутуристер өздеріне авомобилистердің назарын жолда жүрушілер ретінде аударғысы келеді және сол арқылы қос дөңгелекті көлікпен болатын ЖКО азайтуды көздейді.
SARAN ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР
- 341
Сүйінші Саран халқы! Шаһарымызда тағы да бір зауыттың іргетасы қаланғалы жатыр. Жуырда қалалық мәдениет үйінде Саран қаласының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мұрындық болуымен «Саран қаласының солтүстік өндірістік аймағында орналасатын металл бұйымдарын ыстық мырыштау зауытын салу» мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау болып өткен болатын.