ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ
- 386
Мемлекеттік тіліміздің қолдану кеңістігі барған сайын ұлғайып, қоғамдық қарым – қатынас тіліне айналып келеді.
Қазақ тілі – елдің қазынасы. Қазақтың тіліндей әлемде бай тіл жоқ. Қазақтың тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы өңбейді, әлемдік тілдермен теңестіре қалса, ноқтасын бермейтін ұлы тіл. Екі сөзінің бірінен мақалы мен өсиеті қалмайды. Оның терең астары мен құндылығына қаныққан көңіл, марқайып қалады. Қазақ тілі ұлтымыздың мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі. Біздің тіліміздің тамыры тереңде.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 334
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
1 мамыр – Ұлы Дала Елінің көпұлтты халқының күнтізбесіндегі айтулы дата.
Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» деген. Бір-біріміздің тілімізді, әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді құрметтеу арқылы біз бүкіл әлемге толеранттылық пен өзара түсіністіктің нақты үлгісін көрсетеміз.
Жетпіс жылдық тарихы бар Саран қаласында достық пен бірлікте әртүрлі ұлт өкілдері тұрады.
Ел бірлігі – баға жетпес байлығымыз. Біз бәріміз бір отбасымыз. Осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қалу үшін және нығайтуға әрқайсымыз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен амандық тілейміз. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өсіп, өркендей берсін!
Тілге деген көзқарас, елге деген көзқарас
- 478
Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез – құлқы белгілері көрініс табады. Осы тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске асатын, толықтырып, толғандырып жетілетін үрдіс десек те болады. Міне, баланың өз тілінде сөйлей білуі отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде дамыту әрбір қазақ иісі аңқыған азаматтың бойындағы жігеріне, намысына байланысты.
Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті
- 327
2024 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация өз күшімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркелген 1319 бұзушылықты анықтады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 249 бұзушылықты құраған.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ПЕН БАЯН СҰЛУ АНЫҚТАЛДЫ
- 353
Саран қаласының 70 жылдық мерейтойына орай қалалық мәдениет үйінде колледж студенттері арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті.
Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуге үлгерген бұл байқауды Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламенті дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады. Биыл бірінен-бірі асып түсетін 5 жұп өздерінің бағын сынап көрді.
САРАНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ
- 412
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай Құнанбайұлы
ЖАРҚЫРАЙ БЕР, СҮЙІКТІ ҚАЛАМ!
- 382
Саран қаласының 70 жылдығына орай Ақтас мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымы «Юбилей встречай-Саранский край» атты мерекелік концертін өткізді.
Саран қаласы 1954 жылдың 20 желтоқсанында қала мәртебесін алды. Кезінде республика бойынша ең таза шаһар атанған. Сол бір жылдар тарих қойнауында қалғанымен, қаланың тыныс-тіршілігі жылдан-жылға жаңдануда.
ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - ЕҢ БАСТЫ ҚАҒИДА
- 606
Қазіргі таңда ұрлық жасау, біреуді тонау, ушығып тұрған қылмыстардың бірі. Қоғамдық көлікте болсын, немесе пәтерге түсу арқылы үйді тонау болсын, аталмыш қылмыстардың орын алғандығы туралы естіп жатамыз. Осы ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын – алу іс – шараларын тұрақты түрде өткізіп жатса да, ұрлық фактілері тоқтамай келеді.
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
- 340
Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қатысуда.
Бәрімізге мәлім, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Ауқымды экологиялық науқанның алғашқы «Таза өлке» аптасына тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері, колледж студенттері мен еріктілер қатысып, қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі сенбілікке шықты.
ӘЗІЛ АЛАҢЫНДАҒЫ ТАРТЫС
- 328
15 сәуір күні Саран қаласының «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жиын залында Қарағанды облысы білім басқармасы мен Саран қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Саран қаласының 70 жылдығына арналған білім беру ұжымдары арасындағы қалалық КВН ойыны өткізілді.